Ақпараттық хабарлама

22 қазанда «Облыстық балалар биологиялық орталығы» КМҚК базасында (бұдан әрі – Орталық) «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры» жеке қорының өкілдері, білім бөлімінің мамандары, қала және қала маңындағы мектептердің жаратылыстану-ғылыми пәндері оқытушылары, азаматтық сектор және Орталық ұжымының қызметкерлері қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарындағы қолданыстағы пилоттық алаңдар базасында энергиялық тиімді технологияларды енгізу, сондай-ақ фокустық топтарды оқыту және дамыту мақсатында оларды іске асыру кезеңдері».

Бұл жоба БҰҰДБ әкімшілігі Қазақстандағы ҒЭҚ шағын гранттары бағдарламасының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады. Жобаны іске асыру шеңберінде Орталық базасында көмірқышқыл газын (  төмендетуге, энергия тиімділігін арттыру мен энергия шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін қорды үнемдейтін технологиялар енгізілді, бұл әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ортаға оң әсерін тигізді. Пилоттық жобаны іске асыру үшін Орталық жайдан-жай таңдалмаған, өйткені бұл өңірдегі халық пен балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс істейтін мектептен тыс экологиялық-биологиялық бейіндегі жалғыз ұйым екенін атап өту керек.

Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры экологиялық мәдениетті дамытуға көп көңіл бөледі және білім беру саласында осындай тәжірибелерді енгізу арқылы жергілікті тұрғындарға энергиялық және   шығындарын азайтуға ғана емес, сонымен қатар «жасыл» тәжірибелерді қолдану бойынша халық пен оқушылардың білім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.