Жас экологтар мен биологтардың «Табиғат мінсіз, өзіңді өзгерт» слёті
2019 жылдың 23 қазан күні балалар биологиялық орталығында «Табиғат мінсіз, өзіңді өзгерт» атауымен жас экологтар мен биологтардың слёті өтті. Оған қаланың және қала маңындағы 17 жалпы білім беретін мектептердің 100-ге жуық оқушылары қатысты.
Іс-шараны өткізу барысында қатысушылар өз мектептерінің экологиялық-биологиялық бағыттағы үйірмелік қызметін, табиғатты қорғауға арналған сахналандырылған үгіттеу қойылымдар мен плакаттарды ұсынды. Барлық команда сайысқа түрлі-түсті костюмдерін, сахналық қойылымға арналған бұйымдар мен эмблемаларды жақсы дайындаған.
Өткізілген іс-шарада «Макулатура жинап, ағашты құтқар!» деген экологиялық акция жарияланды, бұл акцияның мақсаты – барлық қалалық және қала маңындағы мектеп оқушылары мен өсіп келе жатқан ұрпақтың назарын ғаламшарымыздың табиғи ресурстарын жауапкершілікпен үнемдеп тұтынуға, сонымен қатар екінші рет пайдалану қажеттігіне аудару. Акцияның аралық қорытындысы ай сайын биологиялық орталықтың сайтында жарияланады.
Слёттің қорытындысы бойынша экологиялық-биологиялық үйірменің үздік шығармашылығы мен көріністері үшін грамоталармен марапатталды:
І орын – Озерка мектебі, жетекшісі – А.Р.Мусабаева;
ІІ орын – №25 ЖОМ, жетекшісі – Е.М.Қоңырова;
ІІІ орын – №26 ЖОМ, жетекшісі – М.Е.Шымырбаева.
Осы оқу жылында балалар биологиялық орталығының базасында өтетін табиғатты қорғауға бағытталған 12 түрлі көпшілік-тәрбиелік іс-шаралар мен акцияларға мектеп үйірмелері белсене қатысулары көзделуде.
Биологиялық орталықтың көптік
жұмыстарды ұйымдастыру әдіскері
Л.К.Кенжеболатова
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты





