Аюлар күні – дәстүрлі мереке

Аю – көптеген ертегілердің, аңыздар мен мақал-мәтелдердің кейіпкері, оған ерекеше құрмет көрсетіп «Михаил Потапыч» деп атайды. Ол аз болғандай аюларға арналған жеке мейрам да бар. Дәстүр бойынша, жыл сайын, күзгі демалыстың бірінші күні биологиялық орталықта экологиялық мейрам – Аюлар күнін атап өтеді.

Орталықта өмір сүретін аюлар Гриша мен Зитаға арнап балалар ақпараттық плакаттар, ашық хаттар дайындайды және өздері шығарған  тақпақтарды оқыды.

Аюлар туралы қызықты деректер мен аңыздар туралы өзара бөлісті. «Зоология» үйірмесінің жас натуралистері ежелгі заманда аюлар адамнан пайда болған деген ұғымды айтты. Мүмкін, мұндай болжамды біздің ата-бабаларымыз аюлардың, алдыңғы екі аяғын қолданбай, артқы екі аяғымен жүргенімен байланыстырған болар. Ал «Гүлдендіру және фитодизайн» үйірмесінің жас натуралистері «маймақтың» күрделі міңез-құлқын сипаттады. Аю мейірімді, қарапайым және епсіз бола тұра, батыр күш иесі ретінде де ескеріледі. Кез келген ертегілерде ол әлсіз жандарға көмекке келетін жануар. «Орман қожайыны» себепсіз ешқашан адамға бірінші шабуыл жасамайды. Адамдар тұратын баспанаға жақындамайды, егер оған зорлық көрсетпесе, ешқандай зиян келтірмейді.

«Жасыл ел» үйірмесінің оқушылары әлемде сирек кездесетін аюлар туралы презентация дайындады, олардың түрлері: көзілдірікті, тянь-шань, ақ аю және гризли. Осы түрлердің сиреуіне әкелген бірқатар мәселелерді қозғады. Ал «Орнитология» үйірмесінің оқушылары пандалар туралы бейнефильм дайындап, олардың бүкіл ғаламшар бойынша саны тек 1700-ге жуық екенін айтты, сондықтан пандалар табиғатты қорғаушылардың ерекше бақылауында.

Іс-шара соңында орталықтың жас натуралистері сүйікті аюлары- Гриша мен Зитаны  өздері дайындалған тәтті-дәмділермен тамақтандырып, оларға қыс мезгілінде тәтті ұйқы тіледі.

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.