Қанаттылар өміріндегі күзгі құбылыстар

Күз – жыл мезгілінің жер беті қызыл-сары жапырақтармен құлпырып, таңғы уақытта шықтың мөлдірейтін, жемістердің пісіп жетіліп, жылы жаққа құстардың ұшатын тамаша кезеңі. Күзде біз жасыл желектермен, жайнаған жазғы гүлдермен және жылы жаққа ұшатын құстармен қоштасамыз. Жер беті қысқы ұйқының алдында жаңбырмен жуынып, ағаштардан түскен жапырақтардан көрпе жамылғандай күй кешеді. Жапырақтардың түсуі – өте әдемі және ұмытылмайтын табиғат құбылысы, балалар үшін бұл қызықты да тартымды.

Құстар үшін күз мезгілі, ұрпағын шығарғаннан кейінгі маңызды кезеңдердің бірі, өйткені қысқа дейін түлеп үлгеруі керек. Құстардың негізгі бөлігі жылы жаққа қыстауға көшу үшін ұя салған жерін қалдырады, біраз май қорынан арылады. Кейбір құстар үшін “күз” әдеттегідей тамыз айының соңында – қыркүйек айының басында емес, маусым айының соңында басталады, ал кейбір түрлеріне қазан айына дейін созылады. Көптеген құстар көбейген соң жем іздеу мақсатында көшіп қонады. Саяжайлар мен үй маңындағы телімдерде өмір сүретін торғайлар тобы: отқұйрық, сарықас, сандуғаш, алабұлбұл, бақшаның қамысторғайлары – жеміс-жидектермен қоректеніп, өз ағзасын дәруменді азықтармен толықтырады. Әсіресе, қараторғайлар жеміс өніміне айтарлықтай шығын келтіреді, кейде қараторғайлар аймақтағы құстардың жалпы санының 40 пайызын құрайды.  Жәндікжегіш құстар кең далада қоныстап, егістіктерді жәндіктерден (әсіресе шегірткелерден) тазартады. Алайда, құстар үшін көбейгеннен кейін бірінші кезекте – түлеуі.  Жазғы (ұя) қауырсындарын қысқы (жылдық) қауырсынға ауыстыруы – жаздың соңында болатын құс өміріндегі басты құбылыс. Құстардың көпшілігі (ересектер) күзде толықтай түлейді, ал көктемде – жартылай; көптеген құстар үшін күзгі түлеу– жазғы киімін қысқы киімге ауыстыру, жас құстар үшін жыныстық жетілудің де белгісі. Түлеу кезінде көптеген құстар көрінбейді және естілмейді, себебі ұшу қабілеті бәсеңдеп, күйзеліспен шектеседі: сондықтан бұл уақытта құстар ән салмайды!  Құстардың күзгі өміріндегі соңғы маңызды кезең – құстардың жылы жаққа қоныс аударуы. Қоныс аудару – шын мәнінде қыс мерзімінде азық-жем мен жылы орынды іздеу мақсатында құстардың жылы жаққа көшуі және тағы бір басты фактор – жарық режімі, дәлірек айтқанда, күн ұзақтығының қысқаруы. Құстар күннің қысқаруын ерте сезінеді, сондықтан суық түспей  жылы жаққа ұшып кетеді. Құстардың күзгі көшіп-қоны мен көктемде туған жеріне оралуында айтарлықтай айырмашылық бар: көктемде- ұрпағын көбейтуге, ал күзде – жем мен жылы жерлерді іздеу. Құстар қоныс аударғанда жалғыздан және тобымен; түнде және  күндіз, ұшу  биіктіктігі де әртүрлі деңгейде- жоғары және төмен ұшатын құстарға бөлінеді.

Биологиялық орталыққа күз келіп, құстар қысқы мерзімге дайындығын бастады. Бүгінгі мақаланың басты кейіпкері қаздар тұқымдасының ең ірі және маңғаз түрі- сұңқылдақ аққу. “Орнитология” үйірмесінің жас натуралистері “Павлодар облысының ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі” қызметкерлері құтқарған және біздің орталыққа әкелінген сұңқылдақ аққуға бақылау жасауда.  Аққу шамамен 2 жаста. Сұңқылдақ аққу Ресейдің жекеленген облыстары мен кейбір елдердің Қызыл кітабына енгізілген. Аққудың қанатына зақым келгені анықталды. Орталықта аққуға емдеу жүргізілуде, бүгінгі күнде оның жағдайы жақсы.

 

Кумарова Асем, 6 сынып,

 

Бажакова Диана Токтагановна

Семей қ. «Облыстық балалар биологиялық орталығының»

қосымша білім беру педагогы,

                                                                                 «Орнитология» үйірмесінің жетекшісі

 

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.