Қыстайтын құстарға көмектесеміз!

Қыс мезгілі шынымен құстар үшін қиын кезең, әсіресе қыс қарлы-боранды, аязды болса. Заманның талабына қарай адамдардың өмірінде көптеген өзгерістер орын алуда, ал құстар болса қысқы уақытта біздің көмегімізге мұқтаж. Адамдар баспанасына жақын орналасса, аш қалмайтының құстардың өздері сезінген. Тіпті орман құстары да аштық қысқанда, табиғи сақтығын ұмытып, адамдардың қонысына қарай жақындайды. Қыста күн қысқа, сол уақыт ішінде құстар азығын тауып үлгеру керек. Егер қыс кезінде құстар 6 сағат тамақ жемей, аш болса, өліп қалады. Сол себептен құстарға қыстап шығуына қандай-да бір көмегін тигізу үшін қаланың барлық мектептерінің оқушылары «Құстарға қыста қамқор бол!» акциясына зор ықыласпен қатысты. Аталған акция облыстық балалар биологиялық орталығында дәстүрге айналып, жылда аталып өтуде, қала және қала маңайындағы мектеп оқушыларымен қатар қайырымды адамдарды да қамтиды. Биологиялық орталық ең үздік жемшашарға байқау жариялады. Бірнеше күн бойы балалар құстарға арнап өз қолдарымен жемшашарлар құрастырды. Тапсырмаға аса жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарады. Ал оларды қай жерге орнату туралы көп ойланбады. Әрине, біздің биологиялық орталықтың аумағында! Құстарды үнемі тамақтандырып тұру үшін оларды жақын жерге орналастыру керек. Әр үйірме өздері орнатқан жемшашарға қандай құстар ұшып келетіні және қандай тамақты сүйсініп жейтінің білу мақсатында оқу бөлмесі терезесіне қарама-қарсы тұрған ағаштарға орнатты. Бақылау жұмыстарын балалар «Бақылау күнделігіне» жазып отырады. Ендігі жұмыс- құстарға күнделікті жем салуды ұмытпау!
Акция шеңберінде орталықтың жас натуралистерімен «Барлығы құстар туралы», «Қыстайтын құстар», «Құстар асханасы» тақырыбында сұхбаттар өткізілді, онда біздің жерде қыстайтын құстар, олар немен қоректенетіні, қандай азықты ұнататыны, құстар жөніндегі «Сен білесің бе?» деген викторина, жұмбақтар шешілді, құстардың дауысы арқылы қандай түрге жататынын анықтады. Өткізілген акция балалардың мейірімділігі мен аяушылық сезімдерін оятты. Қосымша білім беру ұйымының ғана емес, сонымен қатар біздің өңірдің барлық жанашыр адамдарының да игі дәстүріне айналды. Қанаттыларды тамақтандыру құстармен қатар балаларды еңбекке баулу мен тәрбиелеуге берер пайдасы зор. Жас натуралистер танымдық сабақтар мен бақылаулар арқылы туған жерінде өмір сүретін құстардың түрлерін, сыртқы бет-келбетін, мінез-құлқына тән ерекшеліктерін анықтайды. Балалардың күш-жігерін қажетті арнаға бағыттау үшін үлкендердің көмегі қажет.
Құстардың жемі әр түрлі болуын жас натуралситер біледі, әрбір құс өзінің «сүйікті тағамын» табады. Жыл сайынғы «Құстарға қамқор болайық» акциясы арқылы біз туған өлкеміздің құстарының санын сақтаймыз, қыстың ауырлығын жеңілдетеміз. Осындай акциялар нәтижесінде балалар мейірімділікке, олардан көмек күтетін құс-жануарларға қамқор болуға үйренеді. Күнделікті сабақтарда біздің жемшашарға қандай құстар қонаққа келетінін байқаймыз және жас натуралистер осы көріністі камераға түсіруге тырысады. Содан кейін фенологиялық күнделіктерін толтырып, өздерінің бақылауларын мұқият талқылайды.
Бүгінгі күнде біздің тұрақты қанатты қонақтарымызға: сарышымшық, кәдімгі суықторғай, жау торғайы, көк кептер, самырқұс, кәдімгі көктеке құстары жатады. Біз жемшашарға ұшып келген әрбір құсқа қуаныштымыз. Балалар қаланың барлық тұрғындарын «Құстарға қыста қамқор бол!» акциясына белсенді қатысуға шақырады. Құстар біздің достарымыз, олар бізге пайда әкеледі! Құстардың табиғаттағы рөлі олардың әртүрлілігі мен санының көптігі арқасында өте маңызды. Табиғаттағы барлық құстардың пайдасы бар, өйткені олар жәндіктерді жейді, бірінші кезекте мәдени өсімдіктерді әртүрлі зиянкестерден тазалайды.

Дуйсен Нурай, «Орнитология» үйірмесінің тәрбиеленушісі,
Бажакова Диана Токтагановна-
облыстық балалар биологиялық орталығының
қосымша білім беру педагогы

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.