Ақ марал – сымбатты жануар

Ақ марал – жағымды кейіпкер, оны күн шұғыласымен, атқан таңмен, жарықпен, тазалықпен, қайта жаңғырумен және руханиятпен теңестіреді. Тармақталған мүйіздері бұтақтарға ұқсас болғандықтан тіршілік ағашын сипаттайды. Сонымен қатар, маралдың мүйізі күн сәулесі мен молшылықтың нышаны. Ересек еркек марал- Күн жылуының танымбелгісі саналады. Бұл жануарға орасан мақтаулар – абырой, айбындылық, сымбаттылық арналған, сонымен қатар табиғатпен үйлесімді бір ғұлама мен сұлулықты иемденген.
Семей қаласының биологиялық орталығында Кербөкен деген сұлулығына сөз жетпейтін марал өмір сүреді. Бұл асыл жануардың сымбаттылығы үнемі ел аузында. Әрбір сабақта маралға фенологиялық бақылаулар жүргізу барысында ол біздің жүрегімізді баурап алды: биологиялық ерекшеліктері, өмір сүрген ортасына бейімделуі, қылықтары және мінез-құлқының маусымдық өзгерістері.
Кербөкенді бірнеше жыл бақылай келе, жазғы маусымда ол таңертең де кешке де белсенді екеніне көз жеткіздік. Көктемгі түлеуі наурыз айында басталады. Биылғы жылы Кербөкен мүйізін 15-наурызда тастады. Мүйіз тастау түлеу сияқты осы жануарға тән құбылыс. Жануарлардың мүйіздерінің де жаны бар, оның жасушалары өседі, бөлінеді және кеуіп түседі. Өмірінің бір кезеңінде мүйізінің түбінде қан айналымына кедергі жасайтын сақина пайда болып, қоректік заттармен қоректену тоқтайды. Мүйіздерін тастау процесіне жасы мен физикалық жағдайы әсер етеді. Кербұғының жаңа мүйіздері жеті күннен кейін өсе бастады. Күзде, оның жүндері ұзын және қалың болып өсті. Мүйіздерін тастау мен жүндерінің түлеуі азық-жемінің құнарлығына және ауа–райына байланысты өзгеріп отырады.
Бүгінгі күнде жалпы атаулы «асыл маралдар» 15-ке жуық кіші түрді біріктіреді, оның ішіне үзбаралар, маралдар, вапити, кавказдық, еуропалық және бұхар маралдары кіреді. Ақ маралдар маралдардың ішіндегі ең көп тараған түрі. Оның мүйіздері шір түзбейді, негізгі өсінділерінің ұзындығы 150 см-ге дейін жетіп, 6-7 өсіндіге тармақталады. Бұл жануарлардың жас мүйізі мен қанының емдік қасиеттері бар.
Біз орталықтағы Кербөкен атты маралымызды бақылауды ары қарай жалғастырамыз, себебі күз және қыс мезгілінде оны қызықтау өте әсерлі.

Данабекова Алина,
«Дәрілік өсімдіктер әлемі» үйірмесінің тәрбиеленушісі,
Ахметова Инкар Ерлановна
Семей қ. облыстық балалар биологиялық орталығының
қосымша білім беру педагогы

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.