Құрлық тасбақасы – тыныш жануар!
Биологиялық орталықтағы біз бақылайтын Боня лақап атты тасбақаның өзіндік дағдылары бар. Ол аяқтары мен мойнын сипалағанды жақсы көреді. Ал суға жүзуді, бөтен адамдар қолында ұстаса ұнатпайды, ондай жағдайда ол ысылдап, басын сауытына жасырады.
Тамақ жегісі келсе, жем салатын астауға жармасады. Боня жорғалағысы келсе, қаумалдың бұрышына барып, тырналай бастайды, сөйтіп қаумалдан тыс шығаруын сұрайды. Егер босатпаса, оны кең жерге шығарғанша, қатты тарсылдатып тырналайды. Қаумалдан шыға салысымен, тезірек қимылдайды, ешкім таппасын деген оймен жасырын жерге тығылып қалады.
Тірі бұрышта тасбақаларға күтім көрсету және бақылау барысында бұрын көкейімде туындаған көп сұрақтарға жауап таптым. Туғанынан асырамаған тасбақалардың нақты жасын анықтау мүмкін емес, тек олардың сауытының ұзындығы мен сақиналарына қарай болжауға болады. Осы мәліметке сүйенсек, Боня 8 жаста. Құрлық тасбақалары әсіресе қырыққабатты, алманы, алмұртты, асқабақты, бақбақгүлді сүйсініп жейді. Олардың иіс сезу, түсті анықтау сезімдері жақсы дамыған, ал құлақтары нашар естиді.
Егер үйде тасбақа асыраса бақыт әкеледі дейді, сенбесеңіздер- асыраңыздар. Жылы орын мен қарыны тоқ болса тасбақа өте белсенді. Ол иесіне тез үйренеді және өзінің атын біледі. Үй жануары ретінде тасбақаны асырау өте қызықты, тек ол ауырмай, ұзақ өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасау керек.
Айтқалиева Алина, Семей қ. облыстық
балалар биологиялық орталығының
«Жас натуралист» үйірмесінің тәрбиеленушісі
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты




