Кәдімгі кірпі – ержүрек жолаушы
Кәдімгі кірпі – кірпілер тұқымдасына, жәндікжегіштерге жатады. Кірпінің денесі шамалы, көлемі ірі емес. Осы тікенек аңның ұзындығы 20-30 см, 3 см қысқа құйрығы үрпиген тоңы арасынан көрінбейді. Салмағы 700 грамдай. Ұрғашысы еркегіне қарағанда үлкен.
Кірпінің құлағы қысқа 3 см, сопақтау бетінде екі қара моншақ сияқты көздері орналасқан. Ерекшелігінің бірі – үшкір және әрдайым дымқыл қара мұрыны. Дене бітіміне қарамастан ол ұсақ болсада өткір тістерімен мақтана алады. Үстіңгі жағында 20, ал астыңғы жағында 16 тістері орналасқан. Еуропалық кірпінің аяқтарының тырнақтары өткір. Әр табанында 5 бармақтан бар. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзынырақ. Әрине кірпінің ең басты белгісі- инелері. Сондықтан ол қорғаулы көрінеді. Бәлкім әр адамда: кірпіде қанша ине бар екен? деген сұрақ туындаған болар. Ересек кірпінің тоңында 5-6 мың ине қадалған! Ал жастарында 3 мың инеге жуық. Басындағы және бүйіріндегі инелері қысқа 2 см. Инелерінің арасында жұқа, сирек жүндері бар. Басы мен іші қатты, қара жүнмен қапталған. Олардың өмір сүру дағдылары адамдармен сәйкес келмейді: күндіз олар тыныш ұйықтап жатады, жорыққа тек түнде шығады. Биологиялық орталықтағы кірпілердің тағамын: ет, жұмыртқа, нан, кейбір шырынды өсімдіктер құрайды. Қысқы мерзімде олар тамақты қажет етпейді, аю мен борсық сияқты ұйқыға кетеді. Сондай-ақ қысқы мерзімге азық жинамайды. Күзде жақсы тамақтанып, май қорын жинайды. Кірпілерге бақылау жүргізу өте қызықты!
Асенгазиев Алинур, Семей қ. облыстық
балалар биологиялық орталығының
«Жас натуралист» үйірмесінің тәрбиеленушісі
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты




