Менің сүйікті елігім!
Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, сондықтан халқымыз: «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» – деп бекер айтпаған.
Биологиялық орталық – ашық аспан аясындағы жануарлар әлемінен тұратын табиғи зертхана. Табиғатқа етене жақын болу үшін мен биологиялық орталықтағы үйірмеге қатыса бастадым. Орталық жануарлар мен құстардың, жалпы тірі табиғат мұражайы сияқты. Зоологиялық бөлімде Қазақстанда, Семей өңірінде, тіпті жер шарының Африка, Австралия, Америка континентінде кездесетін 90-нан астам жануарлар түрлері бар. Сирек кездесетін 18 түрі және жоғалып бара жатқан Қазақстанның Қызыл кітабына және Халықаралық Қызыл кітапқа енген жануарлар да бар.
Орталықта Кебек және Бэмби деген екі сібір еліктері бар. Кебекті 2008 жылы Камышенка ауылының тұрғыны әкелген, ал Бэмбиді ертіс жағасында ата-анасынан адасып қалғандықтан, қала тұрғындары орталыққа тапсырған. Мен Кебек атты сібір елігіне күнделікті бақылау жүргіземін. Осы еліктің қызықты тіршілігімен сіздермен бөліскім келеді. Қазір Кебек шамамен 8 жаста. Еліктер– дене бітімі жағынан кішкентай бұғы сияқты. Құлақтары ұзын және үшкір. Құйрығы – қысқа. Терісінің түсі жазда ашық-сары, қыста қоңырқай және сұр түсті. Кебектің денесінің ұзындығы 60-70 см, биіктігі 85 см. Артқы аяқтары ұзын, алдыңғы аяқтары қысқа. Жылына екі рет түлейді: күзде және көктемде. Еліктердің ерекше көрігі- қысқы үрпиген жамылғылары мен аппақ қардай құйрықасты үлкен шеңбері. Қауіп төнген кезде, елік тұра жүгіреді, сол кезде ашық түсті таңбасы басқа еліктерге белгі болады. Көктем мезгілінде қалың жамылғысы түседі, сөйтіп жаз уақытына дайындалады. Орталықта біз елікті түрлі дәнді-дақылдар, көкөністер, шөптер және кептірілген ағаштардың бұтақтарымен қоректендіреміз. Табиғатта олар жеміс-жидек, мүк, қына және шөптесін өсімдіктерді жейді.
Мені қызықтырғаны – еліктің мүйізінің түсіп-өсуі. Былтырғы жылы Кебектің мүйізі қаңтар айының соңында түсіп, қайтадан тез өсе бастаған. Ал биылғы жылы осы құбылыс қазан айының ортасында болды. Бірақ орнына жаңа мүйіз өскен жоқ. Ендігі мақсатым- оның мүйізінің өсуін бақылап, былтырғы жылғы зерттеулермен салыстыру.
Табиғатты қорғау – әр адамның парызы деп ойлаймын. Мен өзімнің достарымды және барлық адамдарды табиғатты аялап, жануарлар мен құстарды қорғауға шақырамын!
Амангелдин Шерхан, «Өсімдіктану» үйірмесінің тәрбиеленушісі,
Ыдришова Мөлдір Рахимжановна-
облыстық балалар биологиялық орталығының
қосымша білім беру педагогы
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты




