Қызыққа толы қысқы демалыс күндері.
Қысқы демалыс күндері – балалар мен ересектер үшін таңғажайып қызыққа толы әсер қалдырып қана қоймай сонымен қатар мейірімділік пен ғажайып сезімге бөлейді. Сонымен қатар балалар шаттыққа толы бақытты сезімде болулары үшін, облыстық балалар биологиялық орталығының әкімшілігі мен қосымша білім беру педагогтері балалардың қысқы демалыстарын қызықты да, көңілді өткізулері үшін, әртүрлі жаңа жылдық іс – шаралар ұйымдастырып қана қоймай, сонымен қатар денсаулықтарына да пайдалы, есте қаларлықтай қызықты іс – шаралар өткізді.
Оқу ғимараты балаларды ертегідегідей атмосферада күтіп алды: қар бүршіктері, түрлі түсті шамдар, себетте отырған сүйкімді тышқан, безендірілген сұлу жасыл шырша қарасаң көздін жауын алады.
Балалар биологиялық орталығының білім беру педагогтерімен, Жаңа жыл кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақар, жыл басы Тышқан мен өткен жылдың белгісі Доңыз, бауырмал Лепольд мысығы мен тентек ұзын құйрық тышқандардың қатысуымен қызықты ертегі қойылымы өткізілді. Ең қызықтысы, балалардың ертегілер әлеміне еңгендей сезімде болып, Аяз атаға арналған өз өнерлерін көрсетіп, сыймарапатқа тәтті кәмпиттер алды, жаңа жыл кейіпкерлері мен ойын ойнап, би билеп, ән салып, қызықты уақыт өткізді.
Балалар қысқы демалыс күндері қысқы орманға шаңғымен саяхат жасап, сырғанақ теуіп ойнады. Балаларға сондай – ақ сырттай өткізілетін «2020 Жыл мезгілінің нысаны» атты сурет салу өнері мен «Қаладағы қыс бейнесі» фото байқау ұйымдастырылды. «Ең әдемі безендірілген сынып-2020» сайсында 1-орынға «Дәрілік өсімдіктер әлемі» үйірмесі жетекшісі Ахметова І.Е. және «Жасыл ел» үйірмесі жетекшісі Амирханова Ж.Б. ие болды. 2-орынға «Табиғат және біз» үйірмесі жетекшісі Султабаева С.З., «Орнитология» үйірмесі жетекшісі Бажакова Д.Т., «Өсімдіктану» үйірмесі жетекшісі Ыдришова М.Р. ие болды. 3-орынға «Гүлдендіру» үйірмесі жетекшісі Миршанова Ю.С. және «Зоология» үйірмесі жетекшісі Тойшыбаева К.С. ие болды.
Қысқы демалыс өз мәресіне жеткеніне қарамастан Полковничий аралының қойнауында сиқырлы жайыттар жалғасуда.
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты



