Шынайы бақыттың орталығы!
Бақыт дегеніміз күнделікті көңілге шуақ беретін ұсақ- түйектерден тұрады! Биологиялық орталықтағы балалардың өз қолдарымен жасаған әр түрлі ұсақ бұйымдары, жұмсақ ойыншықтары, әсем құмыралардағы гүлдер, сондай-ақ үйірме сабақтарында алған білімдері – осының бәрі, биологиялық орталықты жұмақтың бір бұрышына айналдырып, өзіне тартып тұрады.
Жыл сайын біздің орталықта зоология, орнитология, дендрология және т.б. үйірмелеріне арналған онкүндіктер өтеді. Осы орайда гүл өсірушілердің көптеген мүмкіндіктері бар. Ең бастысы, іс- шараларда біз көп нәрсені білеміз, танимыз және басқаларға үйретеміз.
2020 жылдың 10-21 ақпан аралығында өткен «Гүл өсіру және фитодизайн» үйірмесінің онкүндігі «Гүлдер бізді жақсылыққа баулиды» атты тақырыпта өтті. Қызықты, танымдық, ең бастысы бір- біріне ұқсамайтын 10 түрлі іс- шаралар әзірленді. Онкүндік бойынша үйірмелер рейтингі құрылды, онда әр өткізілген іс- шараға, сырттай байқауларға белсенді қатысуы, шығармашылық қабілеттері, қияли көзқарастары бағаланды.
Бірінші аптада онкүндіктің ашылуы өтті: конкурстардың талаптарымен танысып, тақырыптық онкүндік үйірмелерінің рейтингісіне енгізілді. Жас натуралистерге конкурс жөніндегі жадынамалар таратылды. Конкурстар келесі тақырыптарда болды: «Гүлдер- жердің сұлулығы» суреттер конкурсы, «Гүлдер әлемі» фотоконкурсы және «Ең жасыл кабинет» бөлме гүлдерін көбейту акциясы. Іс-шараларды өткізу барысында бірінші апта ішінде балалар гүлдердің әртүрлілігін және олардың топтарын зерттеді, бөлме өсімдіктерін күту ережелерін, үй гүлдерін түрлі тәсілдермен көбейтуді үйренді, сонымен қатар дәрілік қасиеттері бар бөлме өсімдіктерінің әртүрлілігін білді. Жас натуралистер дәрілік гүлдермен танысып қана қоймай, олардың емдік қасиеттерін, қандай ауруларға көмектесетінін және тұнба немесе жақпамайды қалай дайындау жөнінде пайдалы кеңестер алды.
Екінші аптаны гүлдер туралы аңыздар мен ертегілер, гүлшоқтарын сыйға тарту ережелерін зерттеуден бастадық. Әр үйірме осы тақырып бойынша ақпарат дайындады, гүлдердің пішіні, биіктігі, түс-бояуына қарай гүлшоқтарын дұрыс құрастыруды үйренді. Гүлдер туралы аңыздар туралы сценарийлер бойынша қойылымдар көрсетілді. Оқушылар сахнада өнерлерін шыңдай отыра, көпшілік алдында өзін қысылмай ұстау мен шешендік қабілеттерін арттырды. Сонымен қатар «Гүлдер- қиялдың әлемі» шығармашылық шеберханасы жұмыс істеді, онда үйірме оқушылары әр түрлі материалдардан: кепкен гүлдерден, дәнді-дақылдардан, жармалардан, ленталардан, мақта таяқшалары мен дискілерден, қағаз майлықтардан, түрлі-түсті қағаздар және тағы да басқа нәрселерден бұйымдар жасады. Әр үйірменің оқушылары бұйымдарды жасау барысында бар ынталарымен еңбектенді және жұмыстары нәтижелі шықты.
Міне, үйірмелер рейтингісіне қорытынды шығару уақыты да келіп жетті. Жеңімпазды анықтау оңай емес, өйткені барлық үйірмелердегі оқушылар бірінші болуға тырысты. Біреулері зияткерлік жағынан, екіншілері шығармашылықта, ал үшіншілері тәжірибелік жұмыстарда алда болды. Тұжырымдай келе үйірмелерге орын бермей, әр үйірмені номинация бойынша марапаттау туралы шешім қабылданды. Себебі бұл іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты насихаттау. «Ең жауаптылар» номинациясы бойынша «Өсімдіктану» және «Зоология» үйірмелері, «Ең шығармашыл» номинациясына «Гүл өсіру және фитодизайн» және «Жас натуралист» үйірмелері, «Ең дарындылар» номинациясына «Жасыл ел» үйірмесі, «Ең ақылдылар» номинациясына «Орнитология» және «Табиғат және біз» үйірмелері, «Ең ынтымақты» номинациясына «Бау-бақша» үйірмесі және «Ең зейінді» номинациясына «Дәрілік өсімдіктер әлемі» үйірмесінің жас натуралистері ие болды.
Әр үйірме мадақтамамен марапатталды және өздері отырғызған бөлме гүлдеріне күтім көрсетуді жалғастырып, әдемілігін тамашалап, жетістіктеріне қуансын деген ойменен өздеріне сый ретінде табысталды. Сонымен онкүндік шараларымыз да мәресіне жетті. Алдымызда жаңа іс- шаралар, жаңа тапсырмалар, жаңа конкурстар мен жаңа ақпараттар. Келешекте өткізілген онкүндікке ұқсамайтын онкүндікті өткізуді жоспарлап отырмыз.
Миршанова Юлия Сейтказиновна-
«Гүлдендіру және фитодизайн» үйірмесінің
қосымша білім беру педагогы
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты




