Табиғат әлеміндегі ата-аналар мен жас натуралистердің кездесуі

1- наурыз күні балалар биологиялық орталығы «Широкая Масленица» мейрамын атап өту қарсаңында жас натуралистерге, олардың ата-аналарына және қала тұрғындарына есігін айқара ашты.

Мереке шеңберінде педагогтар мен жас натуралистер ата-аналар алдында үйірме сабақтарында алған білімдерін, іскерліктері мен жетістіктерін көрсетті. Сондай-ақ тірі табиғатпен қарым-қатынастағы балаларына табиғат әлемі жағымды әсер беретіні, мінез-құлқының, ой-өрісі мен ішкі жан дүниесінің жақсы жаққа өзгеруіне тигізер ықпалын өз көздерімен көрді.

Жас зоологтар пони жылқысына салт міну дағдыларын көрсетті. Ежелден қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарында жылқы жануары ерекше құрметке ие, сондай-ақ жылқы Қазақстанның ұлттық нышаны болып табылады. Атпен серуендеу тек дене бітімін ғана емес, жеке тұлға болып қалыптасуына да пайдасын тигізеді. Жас натуралистер  атқа міну, оларды тамақтандыру, атты жаяу жетектеп жүру шеберліктерін  көрсетті, оларға дұрыс күтім көрсету жөнінде де баяндады. Атпен бір сағат серуендесе адамның жүйкесін тыныштандырады, мейірімділік пен нәзіктік сезімдерін оятады, сондықтан балалар атқа мінуге арналған келесі сабақты әрдайым асыға күтеді.

«Дәрілік өсімдіктер әлемі» үйірмесінің экскурсия жетекшілері тұяқты сүтқоректілердің бөлімі туралы айтып берді. Танымжорық барысында табиғат туралы білім кеңінен ашылды: сүтқоректілер тобының бір-бірінен қандай айырмашылығы, жануарлар өмірінен қызықты оқиғалар, табиғатта және қолда ұстаудың шарттарын салыстырмалы түрде жеткізді. Ата-аналар экскурсия жетекшілерінің білімдеріне таң қалды. Алған әсерлерін пікір кітабына жазды.

«Жас натуралист» үйірмесінің оқушылары ата – аналарымен бірігіп, тренинг түрінде таныстыру өткізді, тірі бұрыштағы жануарлар: теңіз шошқалары, атжалман, тасбақалар, кірпілер, балықтар, тепкілі бақалар, су шегірткелері және әнші құстар туралы білімдерімен бөлісті. Ата-аналар үй жағдайында осы жануарларды асырау туралы көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар балалар жануарларды тамақтандыру бойынша тәжірибелік жұмыс жүргізді, жануарларды қалай дұрыс қолға ұстауды көрсетті. Жануарлармен қарым-қатынаста болған ата-аналар қанша жағымды пікірлерін айтты… Сөйтіп көңілдерін көтеріп, жұмыс қабілеттерін  арттырды.

Бөлме өсімдіктері- құнды дидактикалық материал, оқушыларды оқыту үшін қажет элементтер болып табылады. Орталықтың оранжереясында бөлме өсімдіктерінің 100- ден астам түрі ұсынылған. Іс жүзінде ата-аналармен бірге балалар бірнеше бөлмелік өсімдіктерді көбейтіп, тұқымдарын отырғызды.

Жас орнитологтар қыс бойы орталық аумағындағы қыстайтын құстар- суықторғай, самырқұс, көктеке, сарышымшық, шекілдектерді  тамақтандырып шықты. Күнделікті балалар орталық аумағында орналасқан жемшашарларға мол азық салып отырды. Өткен жылмен салыстырғанда жемшашарларға суықторғайлар мен көгершіндер күнде ұшып келген. Себебі биыл қар қалың жауғандықтан, азықтарын тауып жеу  құстар үшін оңайға түспеді.

Үйірмелер бойынша танымжорықтар аяқталған соң барлық қонақтарды «Широкая масленица» дәстүрлі мерекесіне шақырды. Іс- шара барысында қатысушылар осы көне славяндық қысты шығарып салу және көктемді қарсы алу мерекесін қалай тойлайтын мәліметтерді білді, қызықты ойындарға қатысты, құймақтан ауыз тиді, сабаннан жасалған тұлыпқа тілектерін айтып, ленталар байлады. Іс- шара соңында сабан тұлыбын өртеді, ал күлін орталықтың оқу-тәжірибелік теліміне өнім мол болсын деген ырыммен шашты.

Мерекелік күн орталықта алғаш рет өткізілген қоңыр аюларды тамақтандырумен аяқталды. Қатысушылар қоңыр аюды азықтандыру рационы қандай тамақтардан тұратынын көрді. Тамақтандыру барысында  қатысушыларды қызықтырған сұрақтарына жауаптар берілді. Сөйтіп, жанаурларды бірлесіп тамақтандыру- көптеген көрсеткіштерге жеткізетініне  қанық болдық.

Үйірме жұмыстары мен шаралар туралы пікір алмасқанда ата-аналар мен қонақтар пікірлерін айтты: сабақтардың жоғары деңгейі, еңбек тәжірибесі, жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша білімдерін тереңдету, әлеуметтендіру, патриоттық және рухани тәрбие- балалардың жеке тұлғасын қалыптастыруға берер маңыздылығын атап өтті.

 

 

Директордың оқу-тәрбие істері жөніндегі

орынбасары Волкова В.Г.

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.