Құстар әлемінің жұмбақтары
Табиғат, әсіресе жыл мезгілдері таңқаларлық ғажайып. Мысалы, бір түнде жер бетін, үйлерді, ормандарды, жолдарды, шатырларды, ормандарды, егістік алқаптарын аппақ қармен жамылғыдай жауып тастап, қыстың өз құқығына енуі үшін небәрі бірнеше сағат қажет. Қыстың келіп жеткеніне, айналаның аппақ қарға оранғанына біз мәз-мейрам болып қуанамыз.
Ал қанаттылар үшін- бұл жылдың бір ең қиын кезі. Азық көздерінің көбі құстар үшін қол жетпес жерлерде қалады. Жерді қар жауып қалып, тұқымдарды жасырып, суықтан барлық жәндіктер тығылып қалған. Кейбір ағаштар ғана жемістерін сақтап қалған және кейбір ірі арам шөптердің қардың астынан қылтиып тұрған сабақтарынан тұқым табуға болады.
Олар енді қалай қоректенеді? Жемді қайдан табады? Сондықтан да, құстардың жүндері үрпие тұнжырап, қандай да бір азық табамыз деген үмітпен адамдардың үйлеріне жақынырақ ұшып келеді.
Облыстық балалар биологиялық орталығында біз «Қыста құстарды қоректендіріңдер» атты акциясына қатыстық. Жеміс-жидек бақшасында біз құстар үшін жем салатын астаулар жасап, оны жеммен толтырып қоямыз. Ал құстарға бақылау жүргізу көптеген құстар әлемінің заңдылықтары туралы білуімізге мүмкіндік берді.
Құстар – өздерінің табиғатында өте сақ болып келеді, өздеріне жақын жолатпайды. Сондықтан біз қанатты «қонақтарды» үркітіп алмау үшін, бақылау жасауды абайлап жүргіздік. Сонымен қатар, құстардың сезімталдық қабілеттері өте жоғары. Демалыс күні астауларға жем салғанымызда құстар ұшып келмеді. Ал енді астауларға құстардың дәмді жемдерін салысымен, сол жерде-ақ ұшып келушілер қаптай бастады.
Қоректенуге бірінші болып кім ұшып келді деп ойлайсыздар? Әрине, ең жылпос, найзағай тәрізді жылдам және қағілез – сарышымшықтар. Алдымен олар ыстыққа күйіп қалам деп қорыққандай сенімсіздікпен жем салынған астауға ұшып келіп, ағаштың бұтағына отырды, бірақ жемді жемеді.
Міне іштерінен біреуі, мүмкін ең батылы немесе ең үлкені батылсынып, өткір, үздік-создық қозғалыспен ұшып келіп, бірден күнбағыс дақылын алып, найзағайдай жарқ етіп жерге түсіп, қасиетті шыршаның астына тығылып қалды. Сол уақытта екіншісі пайда болды- сөйтіп, бірінен кейін бірі, кезек сақтай отырып, өз еріктерімен «фуршеттік» шеңбер жасап, шыршаның бұтақтарынан астауға жақын ұшып келіп, ұшып бара жатып, дәмді күнбағыс дәнегін қармап, уыстарына қатты қысып алып қайтадан тығылып қалды. Сөйтіп, шеңберден кейін шеңбер жалғаса берді. Біз есебімізден жаңылып қалдық. Қанша еді өздері: 5, 10, 15 немесе 7?
Олар бір-бірлеріне қатты ұқсайды, епті қозғалғандарынан, тіпті, қай сарышымшықтың қайда екендігін есте сақтау қиын болды. Дегенмен, бұл құбылыс ұзаққа созылмады. Сыртынан сарышымшықтарға кедергі болатындай ешқандай қимыл жасамастан, торғайлар көрші тұрған алма ағашта қонақтай отырып, осы көріністі бақылап, өз кезектерін күтіп тұрды.
Торғайлар- өте ақылды құстар. Брэм А. олар туралы былай деп жазған: «Торғайлар бір көргеннен ақымақтау көрінгенімен, шын мәнінде олар өте дарынды құстар. Өте сұңғыла зерек торғайлар, адамдармен аз да болса болсын жақынырақ қарым – қатынас жасағаннан кейін, әрбір байқағыш адамды таңқалдырады». «Сонымен бірге, олардың жоғары есте сақтау қасиеттері бар».
Бұл құстар икемсіз, тіпті біраз сылбырлау сарышымшықтардың түскі асын бұзды. Міне, біріншісі ұшып келді, оның артынан екіншісі –барынша епті болып шықты және 2-ден, тіпті –торғайдан астауға жақындап ұшып келіп, біраз шұқылап тұрып, күнбағыс дәнектерін және нан қиқымдарын алып, ұшып кетті- бірақ тығылмады, тек қана көрші ағашқа ауысып ұшып барды. Шынымен де, тамаша құбылыс емес пе!?
Кенеттен «басқосуға» көктеке құсы келіп қалды. Ол көпшіл сарышымшықтар сияқты емес, әрқашанда дерлік тәккапар жалғыздықта болатын. Күнбағыс дәнегін алды да, жақын жердегі талға ұшып кетті. Осы жерге не үшін ұшып келгендігін нақты білетіндігін толығымен сезесің: шырылдаусыз -ақ, шіңкілдеп даңғылдатусыз -ақ, бәрі іскерлерше. Келдім- көрдім- жедім! Содан кейін көктеке құсы епті және тез ағаштың діңгегімен жоғары қарай секіре жөнелді. Секіруінің тез болғаны соншалықты, ағаш қабығынан аяғын алмастан сырғығандай көрінді. Осы тұста ол саусақтарының тырнақтарымен ғана ұсталып тұрды, бұл жерде құйрығының қатысы жоқ. Құйрығы қысқа және жұмсақ және көктеке құсы тоқылдақтарша тіреліп таянбайды. Өйткені, майыстырып аламын деп қорқатын шығар. Көктеке құсы- қыстағы орманның көзге түсетін құстарының бірі екендігін атап өту керек: таң атысымен алғашқы минуттардан бастап, қараңғы түскенше нағыз бір орманның қажымайтын бекетшісі ретінде біресе судырлайды, біресе тарсылдатады, біресе әр түрлі дауыспен ысқырады.
Құстарды бақылау кезеңінде қатаң иерархиясы бар екендігін байқадық. Егер біреу кезексіз өтіп кетсе-жазасын алады. Осы жылғы балапандарға барлық жерде жол ашық, оларға үлкендер жол береді. Бұны біз, бір әжептәуір ірі құстың басқа бір құстан балаша «өтініп» жемді сұрағанда, ол әрі қарай кеткен кезде «балапан құстың» кедергісіз коректенгенінен көрдік.
Біз құстарға жиі барып, оларға тәтті-дәмдерді – тары, күнбағыс дәнегін, нан қалдықтарын және т.б. апарып береміз. Бірнеше күннен кейін салынған астауларға көп құстар ұшып келе бастады. Бұл біздің бастапқы болжамымызды, яғни ұдайы және ұзақ уақыт жемдеу құстардың осы жерге келетін санының көбейетіндігін көрсетті. Олар ендігі бізден қорықпайды, көңілдете шырылдайды, бізге алғыстарын білдіргендей әртүрлі ұшу түрлерін көрсетеді: бастарымен төмен қарай құлдырайды, бұтақтан бұтаққа, талдан талға секіреді. Құстар – біздің досымыз! Қыстыкүні құстарға көмектесіңіздер, сонда олар көктемде бізге өздерінің тамаша әуендерін сыйлап, жазды күні бау-бақшамыздағы барлық зиянкестерді жеп, келесі маусымда маса мен шыбындардың барынша аз болуына жағдай тудырады! Құстарға көмектесу- табиғатты қорғау үлкен ісіне қосқан біздің өзіміздің кіші үлесіміз!
«Зерттеу қызметі негіздері» үйірмесінің
жас натуралистері
Амиргалиев Сулейман №43 ОБМ 7 сынып
Тундыкбаева Амина №43 ОБМ 7 сынып
Қосымша білім беру мұғалімі-
Ксенофонтова Наталья Николаевна
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты


