Жануарларды қорғауға ұмтылған жас жүректер

Өкінішке орай, қазіргі заман жануарларының әлеміне көз жүгіртсек, біздің кішкентай бауырларымыздың өмірлеріне қауіп төнгенін түсінеміз. Соңғы он жыл ішінде адамның тіршілік әрекеттері жайлы айтқанда, қоршаған ортаның дамуына және сақталуына зиянды ықпал етеді, бұл себепті көптеген жануарлар өмір мен өлім арасында, деп айтуға  болады.

Осы салдардың алдын алу және жануарлардың аталған мәселелллеріне назар аудару мақсатында 4- қазан күні аталып өтетін аса маңызды мейрам- Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні болып саналады. Бұл күні адамзатты біздің кіші бауырларымызға келтіретін зұлымдықты тоқтатуға, қоршаған ортаның алуан түрлілігін және байлығын бағалауға және сақтауға шақырады. Себебі, жануарлардың табиғатта алатын орны өте зор, олар жер шарындағы тепе-теңдікті сақтайды.

Осы күні орталықтың «Зоология» үйірмесінің жас натуралистері «Қазақстан -Семей» телеарнасында жануарларды қорғау туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үйірме оқушылары телеарна көрермендеріне үйірме жұмыстары жайында, мейірімсіз адамдардың кінәсінен қиын күйге тап болған  жануарлар мен құстардың тағдырымен, олардың биологиялық орталық қабырғасынан екінші пана тапқандықтары туралы баяндап берді. Қозғалған мәселе тікелей эфир көрермендерінің сұрақ қоюларына түрткі болды.

Сонымен қатар, орталықтың жас натуралистері мерекеге орайластырылған ауқымды шара өткізді. Балалар жануарлар туралы жүректі елжірететін өлең шумақтарын оқыды, жер бетінен әр сағат сайын із-түссіз жануарлардың 3 түрі жойылатыныны, күнделікті фаунаның және флораның 70 түрлерінен астамы жойылытыны, соңғы 25 жыл ішінде Жеріміздің биологиялық әртүрлілігінің үштен бірі қысқарғаны туралы, соңғы 500 жыл ішінде адам қырып-жойғанының салдарынан жанауарлардың 83 түрі іс-түссіз жоғалғаны туралы жан түршігерлік статистикалық деректерді келтірді. Жас натуралистер қатысқандардың баршасына біз барлығымыз тіршілік иелері болып табылатынымызды және де басты құқығымыз – біздің Жерімізде өмір сүру барлығымыз үшін тең екендігі туралы ұмытпауға шықырды. Орталықтың жас натуралистері өздерінің сүйікті жануарларына мерекелік тағамдар дайындады, оның ішінде халықарлық қызыл кітапқа енгізілген Прежевальский жылқысын, қоңыр аюларды, резус макакасын бір қуантты. Орталықтың аймағында: «Адамдар, тоқтаңдар, біз әр өмір үшін жауаптымыз!», «Сенен басқа оларды қорғайтын ешкім жоқ!», «Жануарларды сүйіңдер және қорғаңдар!» ұрандармен шеру өтті

Автор: Ұйымдастыру-көпшілік жұмыстың әдіскері: Жунусова Л.К

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.