Балалар жануарларға күтім жасайды
Семей қаласында даусы алыстан естілетін құстардың ән салғандары тотықұстардың қатты саңқылдаған дауыстары, канарейкалардың әсем әуені, әдемі тауыстардың қаумалда журген бейнесі әсем бір көркем сурет сияқты бұрышы бар. Қаумалда жүрген тиындардың дөңгелектерін айналдыра жүгіріп ойнаған бейнесі, бірінің артынан бірі бір бұтақтан екінші бұтаққа секіріп ойнаған кейіптерін сағаттармен қарауға болады.
Тиындардың қасында алақоржын қаумалы мен теңіз шошқасы қаумалы орналасқан. Бұндай әртүрлі жануарлар өте қызықты да ерекше болып келеді. Бұл кішігірім тіршілік иелерін көрген кезде адамзат қамқорлық, мейірімділік, сыпайылық сезіміне толы болады.
Экологиялық лагерьде демалып жатқан мектеп оқушылары мен жастар өздерінің сүйікті жануарларымен кездесуді асыға күтеді. Біз оқытушылар ретінде балалардың жануарлармен қарым – қатынас жасаған кезінде өздерін жануарларға жақынырақ ұстанымды ұстап, сабақ соңында пікір салыстыруды үйренгендерін байқаймыз.
Төртаяқты жануарлар өсіп, тез шираулары үшін жақсы азықтандырып, ерекше күтім керек. Сондықтан орталықтың ұжымы мен оқушылары дәрумендерге толы азық дайындайды. Оқу тәжірибелік аумағындағы бау бақшада көптеген жеміс – жидектер өсіріледі. Балалар мен оқытушылар жазды күні өсімдіктер мен жеміс жидектерді суарып, түптерін қопарып, күтеді.Атқарылған жұмыстардың барлығы тек жануарлардың қысты күні дәрумендерге толы жеміс жидектермен азықтандыру үшін үлкен ілтипатпен жасалынады. Сонымен қатар оқушылар ботаника бөлімінен көптеген пайдалы нарселерді үйренеді, мысалға агротехника бойынша дақылдарды мұқият күтіп өсіру туралы, олардың сорттарын ажырата білуге, уақытында алдын алу жұмыстарын жүргізуге үйренеді. Сонымен сабақ мерзімінде балалар дәнді дақылдардың құндылықтарын біліп үйреніп шығады.
Облыстық балалар биологиялық орталығының
нұсқаулық әдістемелік
жұмысының методисті
Волкова Виктория Геннадьевна
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты


