Мәңгілік елдің Көшбасшысы!
Әрбір мемлекет үлкен немесе кіші болмасын өзінің ел басшысы болады. Ел басы – Конституцияның арнайы бөлігімен қарастырылып таңдалатын лауазым өкілі. Облыстық балалар биологиялық орталығындағы алғашқы Президент күніне арналған іс – шара «Елдің көшбасшысы, президентіміз-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!», деген сөздерден басталды.
«Гүлдендіру және фитодизайн» мен «Дендрология» үйірмесінің жас натуралистері Қазақстан Республикасының Алғашқы Президенті күніне ақпараттық слайдтар дайындап қорғады, «Табиғат және біз» үйірмесінің қыздары қазақ халқының «Түрік» биімен іс – шараны ашты, «Гүлдендіру және фитодизайн» үйірмесінің оқушысы Досмагулова Мариям өзінің шығармашылығындағы «Біздің Елбасы!» атты өлең шумағын оқып берді, ал «Аквариумистика және террариумистика» үйірмесінің жас натуралистері Елбасы туралы ақпараттық газет жасап үйірме оқушыларымен бөлісті, «Зоология» үйірмесінен Ыбышева Мадина скрипка көмегімен Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» атты шығармасын ойнап берді, ал іс шараны «Табиғат және біз» үйірмесінің оқушылары «Жаса Қазақстан!» атты өлеңімен аяқтады. Іс-шараны қорытындылау мақсатында жүргізушілер жас натуралистермен қосылып Отанға және Қазақстан Республикасы Президентіне арналған тілектерін жолдады.
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты





