Қызыққа толы қысқы демалыс күндері
Қысқы демалыс күндері – балалар мен ересектер үшін таңғажайып қызыққа толы әсер қалдырып қана қоймай сонымен қатар мейірімділік пен ғажайып сезімге бөлейді. Сонымен қатар балалар шаттыққа толы бақытты сезімде болулары үшін, облыстық балалар биологиялық орталығының әкімшілігі мен қосымша білім беру педагогтері балалардың қысқы демалыстарын қызықты да, көңілді өткізулері үшін, әртүрлі жаңа жылдық іс – шаралар ұйымдастырып қана қоймай, сонымен қатар денсаулықтарына да пайдалы, есте қаларлықтай қызықты іс – шаралар өткізді.
Оқу ғимараты балаларды ертегідегідей атмосферада күтіп алды: қар бүршіктері,түрлі түсті шамдар, себетте отырған сүйкімді күшік, жылу мен жайлылық белгісі – алауошақ, оның үстінде Күлшеқыз ертегісіндегідей
12-ні соғайын деп тұрған үлкен сағат, ал оның жанында арнайы суретке түсуге арналған орындық пен сиқырлы үстелше орналасқан. Акт залындағы көрініс одан да көркем, жеті ергежейлі мен бірге Ақшақыз және де ортасында безендірілген сұлу жасыл шырша орналасқан, қарасаң көздін жауын алады.
Балалар биологиялық орталығының білім беру педагогтерімен, Жаңа жыл кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақар, жыл басы Ит пен өткен жылдың белгісі Тауық, әппақ бейнелі Періште мен тентек ұзын құйрық кейіпкерлердің қатысуымен қызықты ертегі қойылымы өткізілді. Ең қызықтысы, балалардың ертегілер әлеміне еңгендей сезімде болып, Аяз атаға арналған өз өнерлерін көрсетіп, сыймарапатқа тәтті кәмпиттер алды, жаңа жыл кейіпкерлері мен ойын ойнап, би билеп, ән салып, қызықты уақыт өткізді.
Балалар қысқы демалыс күндері қысқы орманға шаңғымен саяхат жасап, сырғанақ теуіп ойнады. Балаларға сондай – ақ сырттай өткізілетін «2018 Жыл мезгілінің ныщаны» атты сурет салу өнері мен «Қаладағы қыс бейнесі» фото байқау ұйымдастырылды.
Қысқы демалыс өз мәресіне жеткеніне қарамастан Полковничий аралының қойнауында сиқырлы жайыттар жалғасуда.
Балалар биологиялық орталығының
Ұйымдастырушылық көпшілік
жұмыстарының әдіскері
Ляззат Кайратқызы Жунусова
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты





