9 қаңтар – Суықторғай күні

Биыл суықторғайлар биологиялық орталықтың аумағында орналасқан жемшашарлардың тұрақты қонақтарының бірі болды. Алғашқы қар жауа сала қызыл шетен бұтағына суықторғайлар ұшып келеді, олар бір бұтақтан екінші бұтаққа ұшып қонып, қызыл түсті жемістерімен дәмденеді, ал жерге түсіп қалса, оны қар бетінен тауып алып жейді.

Олар өздерінің мықты тұмсықтарымен жеміс дәнін кеміріп жейді. Суықторғайлар шетенді жеп болғаннан кейін тұмсықтарына жабысып қалған дәндерді  тазалайды.  Олар тұмсықтарын тазалап жатқанда шетен дәндері жерге түседі, сол түскен дәннен келесі жылы тағы сондай шетен бұтағы өсіп шығады.

Суықторғайлар – өздерінің қызыл түсті бояуымен  әппақ жазықты даланы безендіреді. Дегенмен ең әдемісі аталық суықторғайлар.  Басының төбесі, құйрығы мен қанаттары  қара түске боялған. Арқасы мен мойынның артқы бөлігі ашық сұр түсті. Суықторғайлардың денесінің мұндай түсі, аталықтарының «отбасы қорғаушысы»  деген  айғақты білдіреді. Ал аналық суықторғайлардың денесінің  түсі қоңыр – сұр түсті. Бұндай бояудың болуы қоршаған ортада өздерін және балапандарын қорғап қалулары үшін қорғаныш ретінде берілген.

Суықторғайлар солтүстік пен оңтүстік облыстарында, Азияда, солтүстік Гималай мен Жапониядан басқа, барлық Еуропа бойынша мекендейді. Суықторғайлар көбінесе  таулы аймақтарды, жемістерге бай бұтақты алқаптарды, қылқанды ормандарды мекендейді. Олардың тіршілік етуі үшін қалың бұталар мен өсімдіктерге бай өзен аймағы жеткілікті. Суықторғайлар негізінде  7 -10 құстан құралған үйірмен шоғырланып жүреді. Күн аяз болған кезде, суықторғайлар үйірі бұтақтарда еш қозғалыссыз отырады, олар дәнектері бар бұтақтарға ұшып барып, дәндерді алып, қайтадан қозғалыссыз отырады. Кеш батысымен суықторғайлар үйірі бұтақтар арасында немесе ағаштардың арасында түнейді. Суықторғай сенгіш әрі көпшіл құстардың бірі. Егерде үйір құстарының бірі бақытсыздыққа тап болса, қалғандары көмекке келеді.

Суықторғайлар бізге тек қыста ғана ұшып келеді. Дегенмен біздің қысымыздың мынандай суық күндері олардың ұшып келіп, бізде қыстауларының сыры неде екен? Мәселе біздің қысымыз суықторғайлар үшін жылы өлке болып саналады, бізде жаз мезгілі келгенде, олар біздің қысымыздан да қатты солтүстікке кетеді, онда қыс екі есе суық болады.

Көктемде ұшып келетін құстар әсем әуенін шырқап жүргенде, суықторғайлар өздерінің отаны солтүстікте болады. Сол жақта өздеріне ұя салып, жұмыртқаларын басып, балапандарын асырайды. Мейірімді ата – аналар балапандарын кезектесіп тамақтандырады. Ал күздің аяғында , алғашқы қармен суықторғайлар қайтадан қаламызға ұшып келгендіктен, оларды суықторғай деп атаған.

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.