Топырақтың басты тазартушылары

Жауын құрты жердегі топырақта өмір сүретін омыртқасыз жануарлардың бірі. Олар жердегі топырақ пен сол топырақта өмір сүретіндердің денсаулықтарын күтіп,тазартушысы болып саналады.

Топырақпен бірге көптеген өсімдік детритін жұтып оны сіңіріп алады,сонын арқасында олар ішектерінен көптеген микрофлоралар, ферменттер, витаминдер, биологиялық белсеңді заттарды бөліп шығарады, антибиотикалық ерекшеліктер мен патогенді дамудың микрофлорасын, шіріткіш үрдістерді, иісті газдардың бөлінуін, топырақты залалсыздандырып оған жағымды иіс шығуына әсер тигізеді.

Топырақтың сау болуынының басты бір себебі топырақта жауын құртының болуы. Қаншалықты жауын құрты топырақта көп болса, соғұрлым топырақ сау болады.

Жауын құрты жынысты жолмен көбейеді, бірақ көп жағдайда, жер бетіндегі аумағында қырылу қаупі төнсе, онда олар өздігімен ұрықтана алады. Олардың көбеюінің үшінші түрі жыныссыз ұрықтану. Топырақты өңдеу барысында, байқаусыз ола рды екіге бөліп тастауға болады. Онда екіге бөлінген жауын құртының бөліктері тірі қалулары үшін күресіп, өздерін қалпына келтіреді. Бұндай көбею түрін регенерация деп атайды. Регенерация процессін зертханалық жағдайда да бақылауға болады. Жауын құртының көбею ерекшеліктерінің арқасында, олар бүткіл әлемде мекендейді, Антарктидадан басқасы, себебі онда топырақтың бетін бірнеше метрлі мұз басқан.

«Экология және табиғатты қорғау» үйірмесінің жас натуралистері «Жауын құртының регенерациясын зертханалық жағдайда» зерттеу үшін жауын құртының морфологиясы мен анатомиясына қатысты әдебиеттермен жұмыс жасады.

Іс тәжірибе жүргізу үшін үйірме қатысушылары жауын құртын медициналық скальппен 2 бөлікке бөлді. Жауын құртының бөлінген бөліктерін сутек тотығымен заласыздандырды. Жауын құртының бөлінген алдыңғы бөлігі мен артқы бөлігі азықтанулары мен жарық түсуі, топырақтың барлығы бірдей жағдайы жасалды.

Бир айдан соң екі бөлінген бөліктері де аман қалды. Алдыңғы бөлігі бірден өз қалпына келіп, бөлінген жері бекітіліп, (жарық сәулесі мен қарандаштың үшкір жағына) тітіркену реакциясы жақсы қызмет атқарды. Ал артқы бөлігі мулдем баяу дамып жатты. Кесілген бөлігі бекітіліп, жарты бөлігі кішкене жылжымалы, тітіркену жүйесі баяу, бірқалыпта.

Әр апта сайын жас зерттеушілер жауын құртының бөлінген бөліктерін зерттеп, бақылап отырды. Барлық өткізілген жұмыстары күнделікке жазылып отырды.

Зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша алдыңғы бөлігі бірден қалпына келді. Ал артқы бөлігі мүлдем белсенділік танытпады. Ал төртінші аптада мүлдем сола бастады. Зерттеу нәтижесінің соңында жауын құртының бірде біреуі аман қалмады. Осындай мысалмен біз жауын құртының регенерациясы әрқашан болмайтынын түсіндік. Регенерация процесі кезінде топырақ түрі мен дендриті, ауа жетіспеушілігі көптеген факторлар әсер ететінін түсіндік. Біздің тәжірибемізде жауын құртының тек алдыңғы бөлігінің ғана регенерациясы іске асты. Біздің түсінігіміз бойынша жауын құртының адыңғы бөлігі өз бетімен дами отыра, өзін жетілдіре алатынын көрдік. Дегенмен жауын құртының регенерациясы қосымша зерттеулерді талап етеді. Сонымен қатар регенерация кезінде барлық ұстанымдар сақталуы тиіс, мысалға іс тәжірибе өткізу кезінде топырақтың түрі, өмір сүру дағдылары, жарық сәулесі мен тәжірибе жүргізу уақыты бақылануы керек.

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.