Қара жолақты балықтар отбасындағы қамқоршыл ата – аналар

Қара жолақты цихлозома туралы ақпарат алғаш рет 1867 жылы пайда болды. Бұл балықтар арасындағы өте мейірімді, қарапайым , көптеген қызықты мінез құлықты балықтардың бір түрі. Бұл балықтар қамқоршыл ата – аналар тобына жатады. Аквариумдағы балықтардың өз ұрпақтарына қамқор көрсетіп қорғауларын ұзақ бақылуға болады.

Біздің «Аквариумистика және террариумистика « үйірмемізде, осы балықтардың уылдырық шашу процесін бақылауға мүмкіндік туды. Аталығы мен аналығы керамикалық үңгірдің үстін тиянақты тазартып, онда арнайы уылдырық шашуға жер дайындап, уылдырық шашты. Бұл 2018 жылдың 12 қаңтарында болды. Балықтар уылдырықтан 2 күнде жарып шықты. Шабақ балықтар бір тәулік ішінде үңгірден ақырындап қалқып шыға бастады. 5 күн өткеннен кейін ата – налары шабақ балықтарын серуенге шығара бастады.

6 – 8 күннен кейін шабақ балықтар дафниялармен қоректене бастады, ал үш апта өткеннен кейін олар ересектер сияқты балдырдың үлпегімен қоректене бастады.

Бақылау барысында біз аналық балықтардың шабақ балықтарына жемдерді қазып, оларды ауызына салып, оны шайнап, қайтадан түкіріп тастайды, сол үгітілген жемдерді шабақ балықтар бірден жеп қояды. Ата наларының тұла бойындағы ерекше сырға толы бұндай қасиет, шабақ балықтарға жем ретінде қызмет атқарады.

Дегенмен де, қара жолақты цихлозомалардың бұндай көрінгісінен кейін олардың қамқоршыл екндігіне көзіміз жетті. Екі жұп өздерінің шабақ балықтарын ерекше қамқорлыққа алғандарынан, аквариумдегі қалған балықтарға қуыстарға тығылып жүруден басқа жол жоқ сияқты көрінеді. Ал шабақ балықтар қауіпті сезген кезеде, бірден судың түбіне кіріп кетеді, ол жерде олар мүлдем байқалмайды. Ал аталығы оларды қорғау үшін , өлгенще күреседі.

«Аквариумистика және террариумистика» үйірмесінің жас натуралистері.

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.