«Семей қаласының оңтүстіктен келеген қонақтары»
Цитрустардың қандай түрі болмасын балалар мен ересектердің ең сүйікті жемісі ретінде қолданылатынын білеміз. Бүкіл әлемде бұл цитрустарды шикі және консервілі күйінде қолданады.
Цитрустар ежелден келе жатқан жеміс ағаштарының бірі. Олардың отаны субтропикалық және тропикалық климатты Оңтүстік Шығыс Азия. (Үндістан, Индонезия, Қытай, Жапония, Австралия)
Апельсинді алғаш рет 1792 жылы Испанияда отырғызған болса, онда 1870 жылы Италияда, 1922 жылы Мароккода отырғызған, ал лимон ағашын X ғасырда Еуропаға жеткізілген.
Осындай егістіктерден бірінші орынды оңтүстік АҚШ мен Орталық Америка иеленген, ал олардан кейін Азия мен Еуропа екінші орында орналасқан. Цитрусты жемістер жылу сүйгіш болып келеді, олар қыстағы аязды күндерге шыдамайды. Сондықтан да Қазақстанға цитрустардың жазғы сұраптарын әкеледі, олар шілде айынан қараша айына дейін сатылымға түседі, ал қысты күні цирустарды акеліп сату өте қымбатқа түседі. Ал біздің қаламызда , климаттың жиі ауысатындығыан бұл цитрустар тек желтоқсан айында әкелінеді.
Біз жас натуралистермен бірге цитрустарды олардың кептірілген сүйектерінен өсіруді шештік, себебі бөлме жағдайында цитрустарды әртүрлі зонаға қарамастан өсіруге болады.
Сол себепті біздің ең басты міндетіміздің бірі жемістерді сатып алып, олардың дәндерін жинау. Сонымен қатар жас натуралистер цитрустарды өсіру туралы көптеген әдебиеттерді оқып, бағбаншылардан бейне материалдар қарады. Содан кейін жұмыс жоспарын құрып, іс-тәжірибеге кірісті. Балалар мандарин, апельсин, лимон тұқымдарын жинап алып, арнайы топырақ пен ыдыс дайындап қойды. Желтоқсанның басында (11.12.2017 ж) балалар ең ірі тұқымдарды сұрыптап алып, оларды үш ыдысқа салып, күн сәулесі жақсы түсетін жерге қойып, суарып, беттерін пленкамен жауып қойды. Жас натуралистер күнделікті суарып, оларды баптап қарап, жасалған жұмыстарын күнделікті күнделіктеріне жазып отырды. Балалардың алғашқы бүршіктің шығуын тағатсыздана күтіп жүргендері байқалып тұрды.
Сонымен қысқы демалыс күндері, далада – 300С болған кезде , 26 күннен кейін лимонның тұқымынан алғашқы бүршік жарып шықты, ал үшінші күні апельсин тұқымынан 3 бірдей бүршік жарып шықты. Әдебиеттерді оқу барысында , біз цитрусты жемістердің тұқымдарында бірнеше ұрықтың болатынын білген болатынбыз, сондықтан да апельсиннің тұқымынан бірнеше бүршік жарып шыққанын көрдік. Бұндай апельсин түрі кіндікті деп аталды.
Бақылау кезінде біз апельсин мен лимон бүршіктерінің жарыса шыққандарын байқадық ,ал мандарин тұқымы әлі бүршік жарған жоқ.
Бір ай уақыт өтті, жас натуралистер апельсин мен лимонның өсуін зерттеп бақылап, күнделікті күнделіктеріне жазба жүргізіп отырды, ал жазбаның жанына мандаринді – өзгеріссіз деп қалдырды.
Сонымен біз апельсин мен лимон бүршігі 3,5 см дейін өскеннен кейін, мандарин тұқымын тағы отырғызбақшы болдық. Сонымен 19 қаңтар күні 17 мандарин түқымы отырғызылды, ал үш күннен кейін мандариннің алғашқы бүршігі жарылып шықты, біздің қуанышымызда шек болмады.
Жүргізілген іс – тәжірибеміз іске асты! Жас натуралистердің шешімі бойынша, үй жағдайында, қандай ауа райы болмасын, әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдану барысында, қандай да бір цитрусты өсіріп шығаруға болады. Болашақта цитрустарды ары қарай зерттеп, дәнектер аламыз деген ойдамыз.
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты


