Жайдарлы көктемді биологиялық орталықтың жас натуралистері кең ауқымда қарсы алды!

Әр халықта көне ғасырдан бері көктем мезгілі жаңа өмірдің жаңғырумен сипатталады. Бұл өз алдына отырықшы шаруашылық өмір ағынынан туындаған сипаттама. Өйткені, егіннің ең бірінші алтын дәні көктем мезгілінде отырғызылады, демек бүкіл халықтың молшылығы алқаптардың егінге бай болуымен байланысты.

Осыған сәйкес, әр халықтың көктем мезгілін қарсы алуға арналған ұлттық мейрамдары қалыптасқан: Түркия елінде ол – Хидрелез мейрамы, түрік тілдес халықтарда Наурыз, Жапония елінде Омидзутори фестивалі, Үнді халқында түстер фестивалі-Холи, ал христиан елдерінде Масленица, деп аталады.

Христиан елдері көктем мезгіліне аса үлкен құрметпен қараған. Көктем мезгілі елді шуақты да, жылы күндерімен қуантсын, алқаптарды нанға толтырсын, деп  асыға күтіп қарсы алған. Бір апта бойы ойын-сауықпен қыс мезгілін шығарып салған. Биологиялық орталықтың жас натуралистері де, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жастқан дәстүрдің қаймағын бұзбай көктем мезгілін кең ауқымда қарсы алды.

Оқушылар Масленица мерекесі туралы қызықты ақпаратқа толы қабырға газетін дайындады. Апта бойы үйірмелер арасында меркелік іс-шаралар жүргізіліп, онда балалар Масленица мерекесінің пайда болғаны туралы аңыз-әңгімелермен бөлісті. Аңыздардың бірінде мерекенің «Масленица», деп аталуына құймақ пісіру дәстүрінің негіз болғаны айтылған. Аязды қаһарлы күндерден кейін шуақты күндер жалғассын, деп адамдар күннің мейірімділігін қаратуға тырысқан. Құймақтар кішкентай күннің бейнесіне ұқсас, деп санаған. Аталған рәсімдер күн көзінің мейіріміне бөлену, орыс тілінде “умаслевать”, деген сөзден-Масленица атауы пайда болған.

Жас натуралистер қызықты аңыздарымен бөліскеннен кейін сырғанақ теуіп, арқан тартыс ойынын ойнап, бір-біріне тәтті құймақтан дәм татқызды.

Жұма күні биологиялық орталықтың ұжымы мен оқушылар өздерінің арман-тілектерін тілеп әдемі байлауыштарды қамыстан жасалған қарақшыға байлады. Соңында дәстүр бойынша тілектер байланған қамыс қарақшысын өртеп, келер жылы молшылық пен астыққа толсын, деген ырыммен күлін оқу-тәжірибе үлескісіне шашты.

Балалар биологиялық орталығының

ұйымдастырушылық-көпшілік жұмыс әдіскері:

Жүнісова Ләззат Қайратқызы

 

 

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.