Жер шарымызды бірге қорғайық!
Ақпан айының аяғында биологиялық орталықтың жас натуралистері ата – аналарымен бірге өткізген шығармашылық кеші осындай ұранмен өтті. Бұл күні жас натуралистердің әкесі мен анасы, атасы мен әжелері қызыққа толы табиғат әлеміне сабақ арқылы енді.
Гүлдендіру үйірмесінің жас натуралистері «флюрографиканың» – «гүлдер туралы ақпарат» ғылымының құпиясын ашты, ал зоологтар жануарлардың биологиялық сипаттамасымен, жыл мезгілдеріне байланысты қоректерінің ерекшеліктерімен, рациондарды құрастыру бойынша алғашқы ғылыми бастамалары жайында айтып берді, содан кейін ата–аналарымен бірге жануарларды зерттеуге шықты. Орнитология үйірмесі болса, жер шарының қайталанбас сұлу тіршілік иесі-құстарды бақылап, зерттеген жұмыстарымен бөлісті, сонымен қатар құстарды оптикалық құралдар көмегімен бақылау біліктіліктерін көрсетті. «Жас натуралистер» үйірмесінің ата –аналары балалардың өз қолдарымен жасалған суреттердегі тірі табиғат әлеміндегі ашылулары фильмінің қонағы болды, олар өздерінің қолымен отырғызылған цитрустардың ұрығымен жасалған алғашқы гүл өсінділерін көрсетті.
Су асты әлемінің жұмбаққа толы және қызықты ерекшеліктерін біздің қонақтарымыз «Аквариумистика және террариумистика» үйірмесінен көрді; балықтардың өзара қарым – қатынастарын, сәндік шабақ балықтардың алғашқы көбеюі туралы, акваруимның жалпы күтімі туралы басқада ақпараттар айтылып өтті.
Ата–аналар өздерінің пікір таластарында балалардың табиғатпен тығыз қарым–қатынаста болуларын, сонымен қатар оларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулуды, табиғатты қорғай білуге, өзін–өзі дамытуды үйрету керектігін, өз елінің бетке ұстар азаматы болуды және басқа да маңызды пікірлерін атап өтті.
Оқу білім жөніндегі орынбасары – Наталья Николаевна Ксенофонтова
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты





