Алғыс айту ең қымбат сөздердің бірі!

Алғыс білдірудің өзі бір бақыт. Адамның жан тыныштығы алғыс білдіруден басталады. Жүрген жеріңде алғыс айта білсең, қадамың нұрға толады, деген сөздермен биологиялық орталықтың жас натуралистері Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу күніне орай мерекеленетін 1 Наурыз-Алғыс білдіру күнін бастады.

Оқушылар емен ағашы түрінде «алғыс білдіру» қабырға газетін жасады, емен ағашын таңдауларының бір себебі, ол  ең мықты да мәртебелі ағаштардың бірі. Емен адам өмірінде, бүкіл халық арасындағы адамгершіліктің дамуына әсерін тигізеді. Әрбір жас натуралист анасына,  әкесіне, туғандарына, ұстаздарына, достарына, Отанына және табиғатқа арналған алғыс сөздерін жапырақ түріндегі парақтарға жазып бейнеленген емен ағашына орналастырды. Сонымен қатар оқушылар «Алғыс айту таза жүректің белгісі», атты суреттер мен «Туған жеріме бас иемін», атты шығарма жұмыстарының байқауына  қатысты.

Бұл күні директордың  оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ксенофонтова Наталья Николаевна «Жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Шығыс Қазақстан облысының мектеп – интернатында» өткізілген мерекелік іс-шараға қатысып қайтты.

Өскелең ұрпақ тәрбиесінде адамгершілік пен экологиялық сауаттылықты ту қылып ұстаған қос мекеменің серіктестігінің құрметіне «Аранжировка және флористика» үйірмесінің жас натуралистері «Жүректен жүрекке» атты шығармашылық қолөнер жұмысын табыстады.

Адамдарға мейірімділік сыйлайық, бүгінгі онсыз да зымыраған заман ағынында «Алғыс білдіремін» және «Рахмет» сөзін айтуды естен шығармайық!

 

Балалар биологиялық орталығының

ұйымдастырушылық-көпшілік жұмыс әдіскері:

Жүнісова Ләззат Қайратқызы

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.