НАУРЫЗ – шуақты көктем мейрамы
Наурыз – бұл табиғаттың қайта жандандыратын күні, табиғаттың қысқы ұйқыдан оянатын мерзімі. Наурыз мейрамымен көптеген салт – дәстүрлер мен әдет ғұрыптар байланысты.
Наурыз мейрамы дегеніміз – жер бетіне Жаңа жылдың келуі, мифологиялық аңыздарға сенсек, Наурыз мейрамы күні жер беті бақытқа бөленеді, сондықтан да наурыздың 21 нен 22 қараған түн бақыт әкеледі деп сенген, сондықтан да Көктемде табиғат оянады: қыстың қары еріп, жер жасыл жібек кілем төселгендей әп-әсем, жасыл шөптерге араласа шыққан түрлі гүлдер жерге өрнек, түр береді, құстар жылы жақтардан кері оралады, ағаштар бүршік жарып гүлдейді, қорадағы мал төлдеп, егіншілік жұмысы да басталды. Көктем тек табиғатты оятпай өзімен бірге мейрамдарды да ала келеді.
Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл – тоқшылықтың белгісі. Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. “Бұлақ көрсең, көзін аш!”, “Бір тал ексең, он тал ек!”, деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз – достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ырымға сенсек жаңа жылды қалай қарсы алсаң , солай өзкізесің деп бекер айтылмаған. Наурыз үйге кірген кезде, жамандықтың бәрі сыртта қалу керек дейді. Ұлыстың ұлы күні адамдарбір-біріндеген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген.
Мейрамда әрдайым шаттық пен қуаныш бірге жүреді. «Наурыз – мейрамы» күніне орай, облыстық балалар биологиялық орталығының ұжымы, демалыс күндері қала тұрғындарына арнап ұмытылмастай қызыққа толы іс – шара өткізді. Өткізілген бағдарламада 2 000 астам балалар мен ересектер қатысты.
«Көтермек», «Оқтау тартыс», «Алғырлар сайысы», «Ешкі мен қасқыр», «Арқан шалу» сияқты көптеген дәстүрлі ойындарға қатысты. Жүректер жылуын таратқан көктемнің бақыт сыйы Наурыз көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын – Достық мерекесі.
Сонымен қатар, бұл күндері орталыққа келген қонақтарымыз тірі табиғат аясында жануарлармен қарым қатынаста болды.
Ал жануарларды сүйетіндері үшін, орталықта понимен серуендеу және арбада сырғанау іс шаралары ұйымдастырылды.
Наурыз мейрамы көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын мерекесі.
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты




