Жер сағаты – табиғатты аялау белгісі

Жер сағаты – Дүниежүзілік Тұмса табиғат қоры (WWF) наурыздың соңғы сенбісі күні жыл сайын өткізетін және бұқара халықты бір сағатқа жарық пен электр жабдықтарын сөндіруге үндейтін шара.

Акцияны өткізудегі мақсат – әлем жұртшылығының назарын климаттың жаһандық өзгеру проблемасына аудару және адамдарды энергия мен басқа да табиғи ресурстарды үнемдеуге шақыру.

«Жер сағаты» шарасы алғаш рет 2007 жылдың наурыз айында Жабайы табиғат қорының ұсынысымен Австралияда ұйымдастырылған болатын, халықаралық акцияға  ресми түрде  2009 жылы қосылды.

Ғалымдардың пайымдауынша, 1961 мен 2003 жылдар аралығында ғаламшардың  экожүйесіне адамзаттың  ықпалынан экологиялықь  ақаулар  бір жарым есеге ұлғайған. Егер қазіргі  ұстанымдар сақталатын болса , 2050 жылы адамзатты электр қуатымен, сумен және азық – түлікпен қамтамасыз ету үшін бізге  басқа ғаламшар қажет  болады екен.

Бұл мәселелерді шешу үшін барлығымыздың жеке өмірінде не нәрсені болсын  үнемшілдікпен  тұтынуында жатыр. Жер сағаты акйиясын бүткіл әлем қолдағанын ескере отырып, облыстық биологоиялық орталықтың ұжымы  және де 300 астам тәрбиеленушілер ат салыса қатысты.  Акцияның өткізілу барысында жас натуралистер арасында  біз жер шарында 365 күн немесе 8760 сағат  өмір сүреміз экологиялық іс шара өткізілді. Осы уақыт бойы жер бізге өз жылуын, жайлы жағдайын, суын, ауасын, қорегін беріп келеді.  Соған қарамастан  біз өз ресурстарымыз туралы ойланбаймыз. Ал 24 наурыз күні орталықтың жас натуралитстері мен педагогтері ғаламшарымызға сый құрмет ретінде үйлеріндегі жарықты сөндірді!

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.