Жас натуралистердің асыға күткен көктемгі демалысы!

Көктем – жаңа күн мен жаңа өмірдің туындайтын табиғат маусымы. Көктем мезгілі өз шаһарын құрғанда жұпар гүлдер мен көк шөптің балғынды иісімен табиғатты жаулап алады. Көктем – ең керемет жыл мезгілі, көктемде табиғат құлпырып, адамдар махаббат сезіміне бөленеді. Көктем-күн мен түннің теңелу кезеңі, Әз Наурыз мерекесі мен оқушылардың көптен күткен көктемгі демалысының келуі!

Біздің биологиялық орталықтың жас натуралистері «Біздің жайдарлы Көктем!», атты көктемгі демалыстарын көңілді әрі танымдылықпен өткізді. Біздің орталықтың педагогтері балалар үшін көптеген іс-шаралар мен көктемгі табиғат аясына арналған танымжорық жұмыстарын ұйымдастырып жүргізді. Танымжорық кезінде балалар көтеріңкі көңіл күйде болды. Жас натуралистер ағаштың емдік шипалы қасиеті бар екенін білді. Көктемде табиғат қысқы ұйқысынан оянған кезде, әрдайым орманға саяхатқа шығып, таза ауамен демалып, ағаштарға сүйену керек. Олардың емдік қасиеттері туралы адамдарға ежелден бері белгілі. Қылқанды ағаштардың адам ауруына болысатын, адамды парасаттандыратын өзіндік шипасы бар. Ағаштардың мұндай қасиеттері көбінесе көктем мезгілінің басында шырын жүру процесі кезінде басым болады. Танымжорық барысында оқушылардың осындай құбылысты бақылап көрулеріне үлкен мүмкіндік туды, ағашты құшақтап өздерін ерекше бір сезімге бөледі.

Жас натуралистер Жер күні, су ресурстарын қорғау күні мерекесіне орай «Біздің жеріміз дара ғана!», атты іс-шарада туған өлкенің орманы, су ресурстары, ауа мен қоршаған орта туралы экологиялық мәселелерді қозғады. Сонымен қатар олар үй жағдайында электр қуатын, суды, саяхатқа шыққанда қоршаған ортаны таза ұстау жөніндегі ойларымен бөлісіп үгіт-насихаттау парақшаларын жасады.

Жас натуралистердің көктем мезгілінің кезеңдері мен маусымдық өзгерістері туралы толдықтай білулері үшін, «Жайдарлы көктем бізге келеді!», атты ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның басты кейпкері «Көктем» болды, ол оқушыларды көктем мезгілінің хабаршылары: жыл құстарымен және алғашқы гүлдермен таныстырып, үйірмелер арасында жарыс өткізді.

Оқушылардың шығармашылық өнерлерін қолдау және ұлттық мерекені насихаттау мақсатында «Қош, келдің әз Наурыз!», атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Екінші сәуір құстар күніне орай балалар, қыстайтын құстарға жүргізген бақылаулары мен «Жемге толы жемшашар» акциясын қорытындылады. 2018 жылдың жыл құсы – Үлкен тоқылдақ туралы деректер жинап, қызықты ақпараттарымен бөлісті. Жас натуралистер өздері жасалған құс үйшіктерін орталықтың педагогтары мен жұмысшыларының көмегімен ағаш басына орналастырып жыл құстарын қарсы алды.

Балалардың көптен күткен көктемгі демалысы қызық пен шаттыққа толы болды. Енді олар биологиялық орталықта өткізілетін жазғы лагерді тағатсыздана күтуде!

Балалар биологиялық орталығының көптік – ұйымдастыру жұмыс методисті  Жунусова Ляззат Кайратовна

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.