КҮНДІЗГІ УАҚЫТТАҒЫ ЖАЗҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЛАГЕРЬ
НАЗАР САЛЫҢЫЗ!!!
ҚҰРМЕТТІ ҰЛДАР МЕН ҚЫЗДАР!
СІЗДЕРДІ КҮНДІЗГІ УАҚЫТТАҒЫ ЖАЗҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЛАГЕРЬГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
Лагерьдің тарихы 2002 жылдан басталады, жыл сайын 600 аса қаланың мектеп оқушылары белсенді демалып, оқу бағдарламаларымен, үйірмелермен секциялардың материалдарымен танысады.
Экологиялық – биологиялық лагердегі сабақ барысында табиғат құбылысының маусымдық өзгерулеріне фенологиялық бақылау жүргізеді, биологиялық бөлімдегі жануарлар мен өсімдіктерге тәжірибе жұмыстарын өткізеді, биологияның базалық курсы бойынша жазғы тапсырмаларды өз еріктерімен пысықтайды.
Мектеп оқушылары үшін таза ауа аясында сауықтыру ойындары ұйымдастырылады, табиғи аймақтарға таным жорыққа шығады, биологиялық және экологиялық викторина, байқаулар мен пікірталас өткізіледі.
Жолдама ақысы: тегін
Ауысым кестесі:
1 ауысым – 04.06.-15.06.18
2 ауысым – 18.06.-29.06.18
3 ауысым – 02.07.-13.07.18
4 ауысым -23.07.-03.08.18
5 ауысым – 06.08.-17.08.18
Балаларға арналған жазғы демалысты ұйымдастыруға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- ата – анасынан өтініш (заңды тұлғалар) (еркін түрде);
- баланың жеке тұлғасын куәландыратын құжат (туу туралы куәлігінің көшірмесі)
- денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Балаларымыздың жазғы демалысын ұмытылмастай етіп қызықты өткізейік!
Анықтама телефоны: 36-16-84, 56-84-53
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты









