«Жер анамыздың үмітін ақтайық»

Облыстық балалар биологиялық орталығының аясында балалардың көптен күткен «Жасыл әлем» атты лагері өз жұмысын бастады. Сүйікті лагерь жыл сайын тірі табиғатқа бейжай қарай алмайтын оқушыларға есігін айқара ашады.

Лагерьдің жұмыс атқару жылдарында қаншама қуаныш, жарқын әсерлер, жаңалықтар мен табиғатты зерттеу барысында ғылым жолына оқушылар алғашқы қадамдарын жасады. Оны жай ғана лагерь деп атауға келмейді себебі, ойындар көмегімен зерттеу жұмыстары мен тәжірибелер, табиғат аясында танымжорықтар, экологиялық күндерге арналған мерекелік іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіліп отырады.

Биыл лагерьдің ашылу салтанаты экологтар мен «Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне тең келді. Аталған күн аясында ұйымдастырылған экологиялық акцияға №1, №4, №38 орта мектептерінің 100-ден астам оқушылары ат салысты. Экологиялық акцияның жоспары бойынша оқушыларға келесі мәселелер берілді: су қоймаларының ластануы, табиғат ресурстарын мардымсыз қолдау, қоршаған ортаның тұрмыстық қалдықтармен ластануы т.б. Берілген мәселелер бойынша оқушылар табиғатты қорғауға шақырып ақпараттық газеттерін шығарды.

Бүгінгі күні  жазғы лагерьдің «Жер анамыздың үмітін ақтайық» атты 3 аусымы өткізілуде. Оқушылар бос уақыттарын қызықты да пайдамен өткізуде.

Жазғы демалыс күндері қала және қала маңындағы мектептерден 600-ден астам оқушылар биологиялық орталықта демалады.  Оқушыларды алдыда қызықты танымжорықтар мен табиғат аясындағы демалыс күндері күтуде.

 

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.