Астана –отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздіктің тірегі

Әрбір мемлекетте ел басқару орталығы шоғырланған бас қала болады. Осындай орталықты мемлекеттің Астанасы, деп атайды. Мемлекеттің бас қаласында барлық саяси және қоғамдық, ішкі және сыртқы саясат ағымдарының орталығы орналасады.

 Бздің мемлекетіміздің бас қаласы-Астана қаласы! Астана қаласы қысқа ғана уақыт ішінде үлкен қарқындылықпен зәулім ғимараттары көк аспанмен теңескен, қазіргі заманға сай мегаполиске айналды. Бас қаланың сәулетті бейнесі —шығыс және еуропа мәдениетінің ерекшеліктермен тоғысқан. Қысқа мерзім ішінде қала көрінісі қарқынды түрде көркейіп қала қонақтары мен тұрғындары үшін тартымды етті. Ол –өзіне  халықтың қуаты мен күшін сіңіріп егеменді Қазақстан Республикасының мақтанышына айналды. Биыл біздің сұлу Астанамызға 20 жыл.

Бас қалаға терең құрмет көрсету мақсатында биологиялық орталық қабырғасында жылы бойы 20 жылдық мерейтой аясында әр түрлі іс-шаралар  жүргізілді.

Осындай іс-шаралардың бірі жазғы экологиялық  лагердің  ІІІ ауысым кезінде өтті. Онда ЖББОМ №20, 28, 31 оқушылары “Астана –отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі”, атты мерекелік бағдарламаны дайындап еліміздің тәуелсіздікке ұмтылу барысындағы жолымен, Отан, туған жер туралы  патриоттық әндер мен өлең шумақтарын айтып, халық билерін биледі.

Сонымен қатар, «Туған күніңмен, Астана», атты сурет байқауына белсене қатысып, жүректеріндегі өз еліне, деген мақтаныш пен патриоттық сезімдерін сурет арқылы жеткізді.

 

 

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.