Биологиялық орталықтағы ашық есік күні

Дәстүр бойынша жыл сайын қыркүйек айында Семей қаласының Облыстық балалар биологиялық орталығы мектеп оқушылары мен ата-аналарға, қала қонақтарына және табиғатты сүйетін жандарға ашық есік күнін өткізді.

Аталған шара барысында келушілерге биологиялық орталықтың экология-биология бағытындағы кәсіптік әлеует пен оқу ресурстарын барынша қолданатын қосымша білім берудің инновациялық моделіндегі «тірі табиғат зертханасы» болып табылатындығы жайында айтылды.

Ұзақ жылдар бойы биологиялық орталық ұжымы балалар мен жасөспірімдердің бойына біткен  қабілеттерін ашу және бос уақыттарын тиімді де мағыналы өткізу, үлкен-кішіні қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына қосу мақсатында ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Биологиялық орталық – өскелең ұрпаққа жаратылыстану бағыты бойынша білім-тәрбие нәрімен сусындырып келе жатқан қосымша білім беру ордаларының бірі. Тарихқа көз жүгіртсек мыңдаған оқушылар ғылым саласына жолдама алып биолог, эколог, дәрігер, педагог мамандығының жолын қуды. Ең бастысы мейірімді де бәсекеге қабілетті адамдар болып тәрбиеленді.

Бұл күні келушілер бір сәттен-ақ орталықтың қызықты да танымдық өмірінің куәгеррі болды. Оларға аранжировка және флористика, орнитология, зоология, фенология табиғат және ғылым, бағбаншылық, өсімдіктану, гүлдендіру, дендрология үйірмелеріндегі  жас натуралистер мен педагогтардың жұмыстары туралы мазмұнды және бағалы ақпарт берілді.  Ата-аналар мен оқушылар үйірме жұмыстары туралы  көкейіндегі сұрақтарға жауап алды.

Ашық есік күнінде 300-ге жуық ата-аналар мен оқушылар орталыққа келіп 200-ден астамы қызықты оқу бағыттарында білім алу үшін үйірмелерге жазылды.

Келушілер шара ұйымдастырушыларынан орталықтағы оқу-тәрбие жұмыстары жыл бойы жүргізілетіндігі туралы ақпарат алды. 800-ге жуық оқушылар жыл бойы орталықтан білім алып, 680 оқушы жазғы экологиялық лагерьде  тірі табиға аясында  Полковник аралының флорасы мен фаунасының алуан түрлілігіме танысып демалады.

Ең бастысы табиғатқа деген сүйіспеншілік – ұлы сезім екендігін атап өткен жөн. Ол адамға мейірімді, әділ, жауапкершілігі мол және кең пейлді болуға ықпал етеді. Рухани байлығы мол адам ғана табиғатты сүйіп, оны біліп, танып, естіп көре алады. Ал оның барлығын бақылап үйрену үшін: қоршаған ортаға мұқият, білімпаз және кең пейілді адам болу қажет.

Көптеген кішкентай, ұялшақ, өмірді әлі танып үлгермеген сынып оқушылары биологиялық орталық қабырғасынада білім ала отырып биология ғылымдарының докторы, педагог және дәрігер болып шығады. Осыған куә болу үлкен қуаныш. Сондықтан да, біз әрбір оқушыны  өзіміздің жайлы, үлкен шығармашылық ортамызға қабылдауға асығамыз.

 

Семей қ. Облыстық балалар биологиялық орталығының

Нұсқаулық –әдістемелік бөлім меңгерушісі

Зайкина Ирина Игоревна.

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.