Тарихқа тұңған қала

Әрбір адам үшін туған қаласы – ол кішігірім Отанындай . Әрбір адам тек дүниежүзінің тарихын  біліп қана қоймай, сонымен қатар өзінің елінің, туған өлкесінің тарихын, тұрғылықты мекені мен туған қаласының тарихын білуі тиіс. Әрбір қалада өзінің мұражайы , қаланың туған күні мерекесі бекерден туындамаған. Солардың әрбірінің тарихы қайталанбастай бірегей. Тарих дегеніміз, ол біздің даму эволюциямыз.

Өткеніміздегі мәселелер мен қателіктерді біле тұра, болашаққа тек жағымды тәжірибені тасымалдауымыз керек. Әрбір қалада саябақтар, көшелер,гүл бақтары біреудің атақ – даңқына арналып атаулары өзгертіледі. Осы ұлы – ғұламалардың туған өлкесі мен қаласы үшін жасаған іс әрекеттері туралы, тарихқа енгені жайында, өмірлеріне қызығушылық танытқан жөн. Өткен тарих деректеріне талдау жасай отырып, мәңгілік адами құндылықтардың ерекшеліктерін көруге болады.

Семей – біздің сүйікті де туған қаламыз. Ол қалалардың ішіндегі тарихқа бай қалалардың бірі болып табылады. Сол себептен де онда архитектураның қызықты да бірегей  нысандары орналасқан. Соның бірі өлкетану мұражайы болып табылады. Одан басқа қаладағы 7 мұражайлардың ішіндегі Достоевский мұражайы, оның алдында қоладан құйылып жасалған Шоқан Уәлиханов ескерткіші мен Ф.М.Достоевский орналастырылған. 1972 жылы қала аумағында Абай Құнанбаев ескерткіші ашылды, ал 1973 жылы оның 250 жылдығына арналып жазуы бар үлкен тас орналастырылды. Ядролық сынақтан зардап шеккен адамдарға арналып  тұрғызылған тарихи оқиғасы бар ескерткіштерді де көріп қайтуды ұмытпаған жөн. Қала қонақтары Ямышев қақпасын, Ертіс өзені бойында орналасқан аспалы көпірді қызықтауға барады. Қалада көптеген діни мекемелер бар, орларға; Николай Святительге арналып салынған кішкентай шіркеу,  Ағаштан жасалған мешіт, Екімұнаралы жиналыс-мешіті, Тастан жасалған Бірмұнаралы мешіті, сонымен қатар Тыныбай мешіті бар. Сонымен қатар мұражайлар мен көркемөнер галереясын көріп қайту мүмкіндігін ұмытпаған жөн.

Семей қаласы Қазақстан аумағы бойынша өзінің табиғатымен танымал, мысалы: Полковник аралы мен қарағай орманы. Қала тұрғындарының жан дүниесімен демалып қайтатын, жалғыз бір керемет табиғат бөлшегі болып табылады. Қала тарихының бөлшегі болып табылатын, Полковник аралында қала тұрғындарының арасында «жұмақ бұрышы», деп аталып кеткен Биологиялық орталық орналасқан. Биологиялық орталықтың алғаш пайда болаған уақыты аралығында миллиондаған балалар биологиялық-экологиялық бағыт бойынша үйірмелерде білім алып, жас натуралистер қозғалысын жалғастырып келеді.

Қазіргі қаламызда болып жатқан көптеген деректер мен оқиғалар уақыт өте келе оның тарихына айналады. Болашақ ұрпағымыз үшін ескі ғимараттарды, мешіттерді, шіркеулерді, тарихи кітаптарды, шежірелерді бағалай біліп  сақтап қалуымыз керек. Өз қалаңның тарихын толығымен зерттеп білгеннен кейін оны таныстарыңа, достарыңа және жақындарыңа мақтана айтып беруге болады. Біздің қаламыз туралы тарихи деректерді білгеннен соң, олар міндетті түрде біздің қаламызда қонағы болғылары келеді.

 

Балалар биологиялық орталығының көптік – ұйымдастыру жұмыс методисті  Жунусова Ляззат Кайратовна 

                                                                          

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.