«Егіз қос сыңардай….»

Ажырамас тотықұстар – керемет ұша алатын, жерде де ағаштарда да жылдам қозғалатын жылжымпаз құстардың бірі. Ажырамас тотықұстар өздеріне өмірлік жұп ретінде бірақ рет таңдау жасап өмір бойы бірге болады және  табиғатта тек жұптасып қана өмір сүреді.

Әрқашан бірге ұшып, азықтанғанда да бірге азықтанып, бірге демалады. Олардың дауыстары өте зор дыбысты болып келеді, алайда олар өздерінің дауысымен себепсіз ешкімге бөгет жасамайды. Табиғатта ажырамас тотықұстар Африка мен Мадагаскарда кеңінен таралған.

Ажырамас тотықұстар өзге тотықұстардан қарағанда түс өзгешелігімен ерекшеленеді. Аяқтары қысқа ,бастары үлкендеу келетін ірі емес құстардың бірі. Ажырамас тотының құйрығы өте қысқа, домаланған пішінді, жинақы болып келген. Олардың тұмсықтары агрессивті кейіпті болып көрінбесе де, қауіпті емес дегенді білдірмейді. Өз өзін қорғау мақсатында, ажырамас тоты адамның қолын тұмсығымен тістеп алуы мүмкін.

Жаз бойы тотыларға зерттеу жұмысын жүргізе келе, олардың мейірімді ата-аналар екендігіне көз жеткіздік. Жаз балапандарын басып шығуға ең оңтайлы уақыт болды, тамыз айының ортасында алғашқы балапандар жарып шықты. Ұрғашысы жұмыртқасын басып отырғанында, аталығы ұясына қарама – қарсы отырып алып, ұясында не болып жатқанын бақылап,  ұясын күзетіп отырды ,

«Орнитология» үйірмесі

Жетекшісі: Султабаева С.З.

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.