Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күні
Қаншалықты қайғылы болып көрінбесе де, бүгінгі жануарлар әлеміне қарап отырсақ, біздің кіші бауырларымызға қандай үлкен қауіп төніп тұрғанын түсінесің. Соңғы он жыл бойы, адамдардың өмірлік іс – әрекеті қоршаған ортаның гүлденуі мен сақталуына кері әсер етеді, соның кесірінен көптеген жануарлар саны жойылуға шақ қалды.
Жануарлар өміріне қатысты, жинақталып қалған мәселенің салдарын алдын алу үшін, адамдардың назарын осыған аудару қажет, сол себепті де 4 қазан күні өркениетті елдер арасында аталып өтетін жануарларға арналған күн – Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күні. Осы оқиғалардың барлығы адамдардың біздің кіші бауырларымызға тигізетін зардаптарын бақылауға, қоршаған ортаның әр алуан түрлерін және байлықтарын бағалауға және сақтауға шақырады.
Адамдардың мейірімсіз қатал қатынастарының кесірінен жануарлардың бақытсыздыққа ұшыраған оқиғаларына биологиялық орталығының жас натуралистері бірнеше рет куә болды. Сол себептен де біздің жануарларымыздың тағдырлары жабыраңқы және қайғылы: ақ құйрықты субүркіті облыстық балалар биологиялық орталығында 30 жылдан астам өмір сүріп келеді, ол байырғылардың бірі болып саналады. Жас ерекшелігіне сәйкес, ол орталығымыздың ең ежелгі тұрғынының бірі. Ол бізге 1983 жылы оң қанаты зақымдалып түскен болатын. Табиғатты қорғаушылар 1984 жылы орталыққа ақбас тырнаның бірнеше балапандары алып келді. Уақыты келгенде сары ауыз балапандар өсіп-жетіп, қанаттарын қатайтып орталықтан ұшып кетті. Ал біреуі мүлдем кішкентай, әлсіз болды, оның тек ұзын тұмсығы ғана көрініп тұратын. Сондықтан жас натуралистер оған Буратино деген ат қойды. Оның түр-әлпеті аянышта және ұсқынсыз болды. Жұмысшылардың мейірімі мен күтімінің арқасында күш жинап, сұлу құс болып шыға келді. Өкінішке орай тырналар өте сақ құстар болғандықтан өз топтарына ересектерді қабылдамайды, ал бөтен тырна қосылса шоқып мерт қылуы мүмкін, сондықтан да Буратино орталығымызда өмір сүріп жатыр. Содан бері ол орталығымыздың келушілерін әсем көркімен баурап, байырғы тұрғындарының қатарына қосылды. 1990 жылы бей жай қарамайтын адамдар ата – анасы қайтыс болған, қорегін таба алмайтын жас, әлсіреген дала қыранын алып келді. Осылайша биологиялық орталықта алғаш рет дала қыраны пайда болды. Яша атты аққуымыз броконьерлердің шабуылынан кейін қанаттарын зақымдап табиғатта өмір сүре алмады. Бүгінгі таңда қызыл кітапқа енген құсымыз орталықта өзін жақсы сезінеді. Алғыс ретінде ол орталықтың педагогтеріне, жас натуралистеріне, жұмысшыларына әр кездескен сайын өзінің саңқылдаған даусымен қарсы алып, иіліп сәлем береді.
Жергілікті тұрғындар орталығымызға жаралы жануарларды жиі әкеледі. Қызметкерлер көптеген үкілерді, кірпілерді және басқа да ұсақ құстарды құтқарып қалып, бостандыққа жіберді. Кей кездері көптеген балалар ата – аналарымен уақытша өздерінің қамқорына тотықұстарды, теңіз шошқаларын, көжектерді, атжалмандарды қызыға алып, бірнеше айдан кейін оларды қайтара алып келеді, ал кейбір безбүйрек адамдар мысықтың балалары мен күшіктерді табалдырыққа тастап кетеді. Дегенмен қаламызда көптеген кезбе мысықтар мен иттер өмір сүруде, қарап отырсақ өмір сүруге бейімделіп, суықтан қорғанып, мейірімді адамдардың арқасында ауқаттанып өмір сүруде, алайда оларға жүрек жылуы жетіспеуде.Кейбіреулері әрдайым далада өмір сүріп келсе,кейбіреулері адасып кетіп немесе оларды көшеге тастап кеткен. Көздері мұңға тұнып қорқыныш үрейі басқан. Олардың өмір сүру ұзақтығы , бөлме бауырларымыздан қарағанда әлдеқайда қысқарақ. Біз оларға көмектесуіміз керек. Әрине бәрін үйімізге әкеле алмаймыз, алайда оларды тамақтандырып, жазды күні табақтарына су құйып беруге болады. Адамгершілік қасиетіміз болу керек. Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күні, біз кіші бауырларымызға көмекке қол ұшын созып, оларға көмектесуіміз керек. Бұл біздің кіші бауырларымыздың өмір сүру тарихының тек кіші бөлігі, сондықтан да ӘРҚАЙСЫМЫЗ өзімізді мейірімділікке баулып, табиғатымыздағы жануарларымызды қорғауымыз керек!
Балалар биологиялық орталығы
Көптік – ұйымдастырушылық
жұмысының әдіскері
Жунусова Ляззат Кайратовна
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты


