Табиғаттың күзгі гүлдері
Әр мезгіл өз сұлулығымен әдемі. Біздің облыстық балалар биологиялық орталығындағы күз мезгілінің орны ерекше. Өйткені күзгі сары жапырақтармен қатар айналамыз әдемі күзгі гүлдерге толы. Қаламыздың әр мектебінен келген «Гүлдендіру» үйірме оқушыларының үйірмеге асыға қызығушылықпен келулерінің бірден-бір себептерінің бірі табиғатымыздың сұлу да нәзік бөлігі – гүлдер болы табылады.
Орталығымызда дала гүлдерінің 15-ке жуық түрлері өсуде. Олар: Бақытгүлі, канны, сальвия, матрикария, қашқаргүл, лалагүл, раушан,
вербена, флокса, львинный зев, астра, петуня, цинерария, бархатцы т.б. әдемі гүлдерге толы. Гүлдер біздің орталығымызды сұлуландырып қана қоймай біздің және қала тұрғындарының көңіл-күйлерін көтеріп, қуаныш, махаббат сыйлауда. Үйірме оқушылары дала гүлдерінің тұқымын жинап күтіп баптауда. Дала гүлдер тұқымын жинау арқылы оқушылар тұқымды дұрыс жинау ережесі мен тұқым түрлерін ажырата білуді үйренеді. Келешекте үй тұрмысында, қаламызды көркейту, гүл түрлерін көбейту мақсатында «гүлдендіру» үйірмесінен алған білімдерін тиімді пайдаланады деген үміттемін. Оқушылардың сүйікті әрі қызығушылықтарын арттыра түскен гүлдердің бірі – львиный зев. Гүлге тоқтала кетсек, гүлдің басын саусақпен бассан – гүлдің аузы жолбарыстың аузындай ашылады. Бұл гүлді аралар ғана тозаңдандыра алады. Олар гүл аузының астыңғы жағына отырғанда салмақтарының ауырлығы үшін гүлдің жағы салбырап ашылады, соның арқасында ішіндегі нектарды ішеді. Ал ұсақ жеңіл жәңдіктер бұл гүлдің ішіне кіре алмайды екен. Сонымен қатар түсі көлгін-көк боп көзге түсетін күз мезгілінде гүлдеп тұратын гүлдердің бірі – қашқаргүл. Қашқаргүлдің барлық түрлері қыркүйек-қазан айларында гүлдейді. Биологиялық орталықта қазан айында
өтетін ұстаздар мейрамын ерекше қылатын гүлдердің бірі. Үйірме оқушылары күз мезгілімен қатар келетін ұстаздар мейрамында бізе сыйлап көңіл-күйімізді көтере түседі. Қашқаргүлдің бір ерекшелігі қара күзге дейін гүлдей береді.
Даламызда қар түскенге дейін гүлдеп тұратын сары түсті гүл шоғырларымен көздің назарын өзіне аударатын Бақытгүлі жайлы айтпай кетуде мүмкін емес. Қазан-қараша айларында жаппай гүлдейді. Бақытгүліне арналған аңыздар, өлең мен жыр арнамаған ақындар да жоқ шығар. Жапон мен Қытайлықтар үшін бақытгүлі тек өткен өмірді еске түсіретін магиялық гүл болса, ал шығыс елінде ақындар бақытгүлі жайлы өлен жазып, қағазды ағаш діңдеріне жапсырып кететін болған. Ондағы мақсаттары – желдің көмегімен жыр жазылған қағаз алысқа ұшып, гүлдің әдемілігі жайлы әлем білсе екен деген.
Гүлдер жайлы аңыздар мен мәліметтер өте көп. Гүлдер жайлы қызықты мәліметтер мен гүлдің қыр сырын оқушылар жыл бойында «гүлдендіру» үйірмесінде білетін болады. Жылдың күз мезгілінде күзде гүлдейтін гүлдердің хош иістерін сезініп, көңілдеріңізді
қуанышқа баулағыларыныз келсе Облыстық балалар биологиялық орталығындағы ашық аспан аясындағы әдемі табиғат орталығына шақырамыз.
Қосымша білім беру педагогі
«Гүлдендіру» үйірмесі
Областық балалар биологиялық орталығы
Мурсалыкова Толкын Маратовна
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты


