Қағаздан бас тарту күні!

Қағаз адамның дамуында үлкен рөл атқарады. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпақққа ақпараттарды жеткізу құралы ретінде, жастардың онсыз білім алулары  мүмкін  емес еді, ғылым мен өнерді жетілдіруде қызмет атқаруда.

Бүкіл әлем бойынша қазан айының соңғы бейсенбісі «Қағаздан бас тарту күні!» атты экологиялық акциясы өткізілуде. Ол біздің назарымызды күнделікті материалдарды шамадан тыс қолдануға назарымызды аударады және оны қалай тұтыну керектігін үйретеді. Атап айтқанда электронды құжаттаманы енгізуге көмек көрсетеді. Қоғамдық іс шараның бастамашысы ретінде Халықаралық тәуелсіз кәсіби мамандар қауымдастығы ақпараттардың басқарылуына жатады. АПМ ассоциациясы 155 елдің ішінен 70 000 астам мамандарды қамтиды.

Олар 6 жыл бұрын алғаш рет қағаз тасымалдағышты тұтынуды қысқартуға бағытталған жаһандық науқанға кіріскен адамдар еді. Қатысушылар есту үшін үйде және жұмыста қағазды ұтымды пайдалану туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Іс-шара Бейсенбі күні төртінші қазан күні өтті және бұл дәстүр тұрақты негізде тамыр жайып кетті. Биылғы жылы қазан айының 25 сәйкес келеді.

Табиғат қорғаушылары дабыл қағуда! Мәселе көптеген ормандарды жою ғана емес, сонымен қатар қағаз өндіру барысында жүздеген тонна зиянды заттардың табиғатқа бөлінуінде. Солардың ішінде хлор және құрамында сынабы бар қосылыстар көп кездеседі. Дәлірек айтқанда, қағаздан жасалған зиянды заттар авиациялық шығарындыларды осы уақыт аралығында 3 есеге арттырады. Ақ қағазды өңдіру үшін көп мөлшерде  ресурстар сарқылатынын ескере кетуіміз керек: 98 улы химикаттар, су, ағаш сүректері, электр қуатын .

Егер де осындай қиыншылықпен өндірілген қағаз орынды пайдаланылса жақсы болушы еді. Алайда барлығы біз қалағандай емес. Орташа статистика бойынша кеңсе қызметкері бір жылдың ішінде кем дегенде 160 кг керексіз қағазды қоқысқа тастауы мүмкін , ал ол дегеніміз 700 миллионнан астам ағаштарды құрайды. Бұған қоса, олардың жартысы шығарылымнан кейін 24 сағаттан кейін бірақ түседі. Ал егер де тұрмыстық қалдықтарды қоса есептесек, шешімі белгілі болады; онда қағазсыз технологияға көшуге тура келетін сияқты. Жетекшінің қолы мен мекеме мөріне келетін болсақ, былайша айтқан бұл мәселені электронды қол қою шешімін табуда.  Үрдіс қадамын алға басып келуде, қағазды өндірісте және тұрмыста барынша қолданудан бас тарта отырып, біздің әрқайсымыз қоршаған ортаны сақтап қалу үшін өзінің жеке үлесін қосу керек. Бұл мәселеге бей жай қарайтындар үшін біраз кеңестер тізімі:

  • Құжаттарды шығарылымға жібермей тұрып, оны электрондық түрінде тексеріп алыңыз;
  • Қағаздық қоқысты тастамаңыз, оларды қағаздарды қабылдайтын макулатура пунктіне апарып тастаңыз;
  • Егерде басып шығару қажет болған жағдайда, екі жағынан жасаңыз;
  • Жаңадан шыққан кітаптарды электронды түрінде оқыңыз;
  • Тұрмыста қағаз майлықтардың орнына, кенеп маталы орамалды қолданыңыз;
  • Ескі кітаптарды тастамаңыз; оларды кітапханаларға немесе оны қажет ететін адамдарға беріңіз.
  • Банкоматтан ақша шешіп алғанда, чекті басып шығарудан бас тартығыз;
  • Жазбаны электронды құрылғыда жасаңыз;
  • Бір рет пайдаланатын қол орамалының орнына, көп мәртелік қол орамалын қолданыңыз.

 

Күні бойы өзіңізді бақылай келе,  көптеген қызмет саласында қағаз өнімдерін қолдануды қысқартуға болатынын көресіздер.  Табиғат ресурстьарын сақтап қалу үшін, міндетті түрде осының барлығын орындаңыз. Балаларды ұқыпты болуға қалай үйретеміз?  Балалар қағазды ересектерден қарағанда көбірек қажет етеді. Онсыз жазуға, оқуға, сурет салуға үйрену мүмкін емес.  Блаларды қазағбен байланысынан айыру мүмкін емес, бірақ қағазға ұқыпты болуға үйретуге болады.  Оны қалай жасаймсыз?

 

  • Балаларға қағаздын екі жақ бетіне жазуға және сурет салуды ұсыныңыз;
  • Балаңыз қолданған қағазды тастамаңыздар, оны балалық кезінен естелік ретінде сақтап, немесе макулаптура пунктіне тапсырыңыз;
  • Жеке гигиена құралы ретінде қағаз майлықтарының орнына шүберек орамал мен суды пайдаланыңыз;
  • Қандай жағдай болмасын, балаға үнемді болуды еске салып отырыңыз.

 

Тек жай сөзбен ғана емес, өз ісіңізбен көрсете білу керек. Ата – аналардың өздері қағаздарды сақтап қалу керек және оны қажетсіз тастамау керек. Тек сонда ғана балалар өсе келе табиғат байлығын мардымзыс сарп етпей, ұқыпты болуды үйренеді. Қағазды тек қазанның соңғы бейсенбімсі күні ғана емес, бір жылдың ішіндегі қалған 364 күнінде де сақтап қалыңыздар, сонда ағаштартар сізге өз алғысын айтады!

 

 

Облыстық балалар биологиялық орталығының

көптік – ұйымдастырушылық жұмысы әдіскері

Жунусова Ляззат Кайратовна

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.