Қанаттылар өміріне маусымдық бақылау

Күз  құстардың жылы жаққа ұшып кететін мерзімінің бірі. Тамыз айының соңынан бастап  көптеген  құстар жылы жаққа ұшып кетуге дайындала бастайды. Семей өңірінің құстарымен ғана шектеліп қалмайды. Биылғы жылы көптеген жыл құстарының түр алуандығы көптен кездескенін атап өту керек, біздің жерімізде  құзғын қарғалар, қараторғайлар, қарлығаштар, үйректер және т.б. кездеседі.

Солардың ішінен қара кезқұйрық айрықша ерекшеленеді, дәл солар тоқталып, айтып өткіміз келеді.

 

 

Қара кезқұйрық – жыртқыш құс,  алайда ормандар мен су қоймаларындағы өлексе жануарлар мен өлексе балықтармен қоректеніп, табиғат санитары ретінде баға жетпес пайда әкелуге мүмкіншілігі  бар.

Қара кезқұйрық қаршығатектес отбасына жатады және жылы жаққа ұшып кететін құстардың бірі болып табылады. Олар ұшқан кезінде жүз даралардан құралған  үйір болып ұшады, бұл жыртқыш құстардың арасында өте сирек кездесетін құбылыс болып табылады. Ол ұшқан кезде қанаттары талмайтын, бірақ баяу үшатын құс. Ол өте жоғарғы биіктікке ұшуға мүмкіндігі бар, ол аспанда самғаған кезде ең өткір көздің өзі көре алмайды. Олардың ұшқандарының өзі бір ғажайып көріністердің бірі. Кезқұйрық  аспанда ұшқан кезде, қанатын қақпай бірнеше сағат бойы әдемі самғай алады.

Қысқы уақытта Үндістан мен Африкаға ұшып кетеді. Желдің бағыты мен беріктігіне қарай құстардың жылдамдығы айтарлықтай төмендеуі немесе жоғарылауы мүмкін. Мысалға, Қазақстаннан Үндістанға 2553 км дейінгі қашықтықты меңгеру үшін кезқұйрықтар  , басқа да ірі құстар сияқты орта 50 км/сағ астам жылдамдықта күніне 150-250 км ұшып, қыстайтын жерлеріне 2 айдан соң ұшып жетеді. Африканың оңтүстік аумақтарына баратын жол ұзағырақ, ал құстар қараша мен желтоқсан айларының  соңына таман ғана қыстайтын жерлеріне бірақ жетеді.

 

Биылғы жылы қара кезқұйрықтар өте мөлшерде ұшып жүрді, олар аумағымыздың барлық жерлерінде көзге түсті. Басқа да жыл құстары сияқты қара кезқұйрықтар ұшуға ертерек дайындалады. Олар Ертіс өзенінің жағалауында үйірлерімен шоғырланып ұшып жүрді. Осылайша үлкендері кішілерін ұзақ жолда ұшулары үшн үйретеді. Үйірме балалары дүрбінің көмегімен қара кезқұйрыққа бақылау жасау кезінде, жаттықтыру тәртібін атап өтті. Ең алдымен аспанда ұзақ жолда ұшқан бір құс қана айнала ұшып жүреді, тек содан кейін ғана оның жанына мөлшері бойынша кішілеу кезқұйрықтардың бірнешеуі ұшып келеді. Содан кейін құстардың бірнеше үйірі үйір басшысының артынан 10 -15 минут аралығында ұшып жүреді. Осылайша көз алдынан білінбей алыс қашықтыққа ұшып кетті. Осы көрініс қыркүйек айының соңыа дейін жалғаса берді, ал кейіннен олар мүлдем біздің аумағымызда кездеспеді. Енді олар тек келесі көктемде ғана ұшып келеді.

 

Орнитология үйірмесі:

Жетекшісі: Султабаева С.З.

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.