Биологиялық орталықтың 80 жылдық тарихы мен қазіргі өмірі

Әрбір істің өз бастамасы болатындай, жас натуралистер қозғалысының да өз бастауы, өз «бастау көзі» болды.  Қала балаларын, жасөспірімдерді  тірі табиғатқа қатыстыру туралы ой 20 ғасырдың басында туындап және  жүзеге асырыла  бастады. Сокольникте жас табиғат сүйгіштердің алғашқы станциясы пайда болды, Энтузиасттардың  бастамасымен  Сокольникте жас табиғат сүйгіштердің алғашқы станциясы пайда болды, бұл 1918 жыл болатын. Биылғы жылы жас натуралистер қозғалысына 100 жыл  толып отыр.

Сол сияқты облыстық балалар биологиялық орталығының да өзіндік байырғы тарихы бар. 1938 жылы  алғашқы  биологиялық  станция  ашылған  болатын. Бұл қасірет пен аштықтың ауыр жылдары еді. Осыған қарамастан, 1940 жылы биологиялық станцияда жануарлардың 40 түрі, штатта – 13 қызметкер, оның ішінде 4 педагог (ботаника, зоология, геология және археология үйірмелері) болды.

Соғыс жылдарында жұмыс тоқтатылды, тек 1946 жылы биостация өз жұмысын қайта бастады. 4 жыл  бойы 72 м2 ауданында жеткіліксіз  материалдар  базасында  энтузиастар  өз  жұмыстарын  атқарды (жануарларға  арналған  ұяшық саны 10, 1 микроскоп, 2 аквариум).

1987 жылғы шілдеде  облыстық жас натуралистер станциясына  Көкпекті ауданынан бұрын орта мектеп директоры болып жұмыс істеген
Валерий Николаевич Дядов тағайындалады. Валерий Николаевич  өзіне тапсырылған іске асқан жауапкергілікпен қарап, бұл еңбегінің нәтижесі көп ұзамай көріне бастады. Жас натуралистер станциясы , сол кезден бастап Қазақстанның барлық 19 облыстарының арасында 17 орында орналасқан болатын. 1989 жылы Республикалық гүл шеберлерінің конкурсында I орын алды.  Бір жылдан кейін, жас натуралистер станциялары арасында Республикалық байқауда жеңіске жетті.

1994, 1998, 2006, 2012 жылдары  орталыққа қалалық, республикалық және облыстық деңгейде мектептен тыс мекемелер арасында арасында жүлделі орындарға ие  болды.

2008 жылы орталық балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда ең үздік мектептен тыс мекеме деп танылып, «Гран При» иегері атанды.

2011 жылы «Білім ұясы» Республикалық байқауында орталыққа Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі дипломы тапсырылып Гран При жүлдегері атағына ие болды және                       « Қазақстан Республикасының ең үздік мектептен тыс мекмемесі» кубогы табысталды.

2014 жылы орталық Республикалық оқу – әдістемелік орталығының желісі бойынша және Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің «Қосымша білім берудің алтын қоры» кітабына еңгізілді.

Семей қаласының қосыша білім беру мекемелерінің  рейтингтері  қорытындысы  бойынша, орталық «Үздік қосымша білім беру мекемесі» танылып, кубок және сертификатпен марапатталды.

90 жылдары он шақты білім беру жүйелері , соның ішінде бірінші орында мектептен тыс мекемелер өздерінің жабылулары туралы хабарлауларына мәжбүр болды. Бұл қатердің бір шеті биологиялық орталыққа да тиіп өтті.  Алайда бұндай жұмыс жағдайы педагог ұжымына да, оның жетекшісіне де, балалар мен олардың ата – аналарына да , осы тірі табиғат мүйісін шынайы жақсы көретіндер үшін де ұнамады. . Станцияның  тәрбие  жұмысының негізгі міндеті – бойында тірі  табиғатқа деген әрекетшіл махаббатты, зерттеушілік ынтаны, тірі табиғат деректері мен заңдылықтарын тереңдете және жан-жақты зерделейтін және өз  білімін өмірде және өндірісте қолдана білетін практик дағдылары табылатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Бүгінгі биологиялық орталық – ашық аспан астындағы оқу – зерттеушілік зертхана сынды.    Орталық аумағының жоғары эстетикалық рәсімделуі, оқу-материалдық базаның күрделі кешендері мен оқу зертханаларының рационалды орналасуы 57 кәсіптік үйірмелердегі оқу- тәрбие үрдісін жүзеге асырудың қолайлы шарттары болып табылады. Күзгі, қысқы және көктемгі демалыс уақыты кезінде 1500 мектеп оқушыларына арналған мақсатты бағытталған демалыстар ұйымдастырылуда.

Сабақтарда балалар бірігіп көптік  іс – шаралар өткізеді, үйірмелердегідей орталық бойынша да

балалардың өзін – өзі басқару жұмыстарын ұйымдастырады. Үйірмелерде балоалар бір бірлерімен

танысып, өздеріне жақсы жолдастарын кездестіріп жатады. Күнделікті әртүрлі мектептерден балалардың барлығы бірігіп, тату тәтті үйірме сабақтарына келіп отырады.

Табиғат өзінің өзгешелігімен ол туралы білім жинақтауға және туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға көптеген мүмкіндік тудырады. Балалар сәбіз қалай өседі, ағаштардағы жапырақтар неге сарғаяды, көқтем мезгілі неден басталады және де басқа да қызықтырған сұрақтарына жауап алады, себебі әрбір сабақ оқушылар үшін кішігірім ғылыми ашылулар болып табылады.

Табиғатпен қарым қатынас адам баласына жағымды әсер етіп, оны мейірімді етіп, жұмсағырап етіп, өзіндегі ең керемет сезімдерді оятады. Ал балалар басқалардан қарағанда табиғатты өте қатты жақсы көреді, әрбір жанды нәрселер олардың назарларын өздеріне аударып, табиғатпен тығыз қарым – қатынас кезінде қуаныш сезіміне бөлейді. Оқу үрдісі кезінде балалар жақсы жағына қарай өзгереді. Мазасыз болған ұлдар мен қыздар үйірме сабақтарына келіп, мұқият, кішіпейлі, талапты болып өзгереді.

Экологиялық тәрбие деңгейінің жыл сайынғы мониторингісін жүргізе отырып, орталығымызда зиянды әдеттері бар балалардың жоқ екендігін байқаймыз. Табиғат объектілерімен өзара әрекеттескен кезде сыныптағы тәрбиеленуі қиын балалар өздерінің жағымсыз қасиеттерін көрсетпейді, шыдамдылыққа үйреніп, тәртіпті болып, табиғатқа және ондағы  барлық тірі заттарға мұқият болуға үйренеді.

Жаз мерзімінде орталықтың базасында, экологиялық лагерінде 600 астам балалар белсеңді демалып,

өздерінің экологиялық білімдерін толықтыруға мүмкіндік ала отырып, қоршаған орта тура білімдерін

шыңдайды.

Экскурсиялық жұмыстар түрінде жалпы халыққа материалдық-техникалық базаны пайдалану арқылы білім беру және мәдени қызметтерді ұсыну жоғары деңгейге жетті, бұл оқу үрдісімен қатар орталықтың ерекше қызметі болып табылады. Орталыққа келетін балалар, қала тұрғындары, жастар және ересектер саны 160 мың адамнан асты.

Қала мектептері мен қала маңындағы мектептер арасында өткізілетін көптік іс – шаралар жоғары нәтиже көрсетуде. Бұл бағыт бойынша 12 мыңнан аса оқушылар қатысады. Өткізілетін іс – шараларға қатысатын балалар өздерінің жеке қабілеттерін ашуға мүмкіндік туғызады, мысалға: ссөз сөйлеу шебері, танымдық белсеңділікті арттыру, өз өзіне сенімді болу, тіл байлықтарын дамытады. Әрбір бала өзінің  ғылыми жұмысын қорғауға шыққанда немесе сахынаға шыққанда, өзінің қабілетін көрсетуге мүмкіндігі бар. Біз олардан қандай бір талаптар қоймаймыз, біз тек олардың өздерінің қабілеттерін көрсете біліп, аудитория алдында сөйлеуге шыққанда қорқыныштарын жеңуге көмектесеміз. Оларды сахнаға өзін ұстау тәртібіне үйретеміз. Балалар өздероінің жолдастарының пікірін тыңдауға немесе өз пікірлерін жеткізе білуге үйренеді. Осы ақпараттық – коммуникативтік ұйымдастыру нәтижесінен кейін, білім алушылар жаңа технологияны меңгеруге, ақпараттарды жеткізе білуге, длискуссия жүргізуге, өзінің ұстанымын қорғауға үйренеді. Ал бұл дегеніміз, балалар өз кезегінде, ақпараттық қоғам өміріне дайын болады және бұндай адамдар өздерін әлеумет өмірінде жүзеге асыра алады.

Тәрбие алушылар үшін, орталықта қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысу үшін жағдайлар жасалуда. Жыл сайын 100 астам оқушылар осындай байқаулардың жеңімпаздары атағын иеленуде.

Мекемедегі экологиялық білім бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы насихаттау кезінде көптеген тәжірибелер  жинақталуда. Жыл сайын педагогтар  мен жас натуралистердің 60 астам мақалалары бастырылып шығарылуда, телебағдарламалар мен радиода, жаңалықтарда тікелей эфирлерге қатысу ұйымдастырылуда.

Оқу үдерісін ұйымдастыру, үйірме жұмысын ұйымдастыру, экологиялық білімді насихаттау, балалар мен халықтың экологиялық ойлау мен мәдениетін өзгерту жұмыс істеп келе жатқан жылдар ішінде мекеменің мектептен тыс ұйымдар арасында көшбасшы болуына мүмкіндік берді.

Тәжірибе алмасу мақсатында Германия, Ресей, Белоруссия және Қазақстан ғалымдары семинарлар мен конференцияларға қатысты. Білім беру министрлігінің желісі бойынша 2009 жылы орталық базасында жас экологтардың Республикалық форумы өткізілді, оған Қазақстанның барлық облыстары бойынша 200 астам делегаттар қатысты. 2014 жылы қосымша білім беру педагогтерінің  біліктілікті арттыру  Республикалық курстары өтті. Тыңдармандар құрамы Қазақстанның әртүрлі облыстарынан жинақталған бірінші жетекшілерден,әдіскерлерден, педагогтерден құралды. Курс қорытындысы бойынша тыңдармандар орталық қызметіне 30 астам жағымды пікірлер қалдырды. Орталықтың жылдар бойы жасалған қызметтеріне еліміз бойынша әртүрлі бұрышынан және жақын шет елдерінен,  орталық ұжымына мыңдаған алғыс сөздері  тіленген.

Педагогикалық үдерістің толымдылығының тән ерекшелігі – тәрбиеленушілердің болашақ өмірін қадағалау болып табылады. Соңғы жылдары орталықта білім алушылар мамандық таңдаған кезінде биология бағыты бойынша таңдау жасауда. Орталықтың 80 жылдық тарихы бойынша, оның миллиондаған тәрбиеленушілерінің өмірі осы орталықпен байланыстырылған, оның ішіндегі көптеген тәрбиеленушілер болашақта дәрігер, мұғалімдер, биолог ғалымдары, агроном және қарапайым ,мейірімді тұлға болды.

Биологиялық орталық ұжымы елімізді дамыту саясатымен сәйкес, өскелең ұрпақты экологиялық салауатты қылып өсіру үшін, жеке тұлғаның үйлесімді дамуына, рухани және денсаулықтары мықты болу үшін, ұл және қыздарымызға отансүйгіштікке баулып тәрбиелеу үшін күш салысуда.

 

Облыстық балалар биологиялық орталығы

директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Волкова Виктория Геннадьевна

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.