Пайдаға толы демалыс
Облыстық балалар биорлогиялық орталығында мектеп оқушылары бірлесіп, күзгі демалыстарын салтанатты түрде өткізді. Орталықтағы балалардың күзгі демалысына тек қана жас натуралитсер қатысып қоймай, сонымен қатар үйірмелерге қатыспайтын өзге қала мектептерінің оқушылары да қатысты.
5 күннің ішінде 600 астам оқушылар табиғат аясында демалуға және тірі табиғат әлемін тамашалауға мүмкіндік алды. Балалардың демалыс уақыты бойы оқушылар танымжорыққа шығып, табиғаттағы күзгі өзгерістері мен күнтізбені зерттеп, күздің алғашқы кезеңі алтын күзді, күздің соңын, қыстың басын тануды үйренді. Дендрологтар танымжорық кезінде ағаштар мен бұталардың күз уақытындағы ең басты өзгерісітерін, олардың жапырақтарының түсін өзгеріп сарғаюын , «Күзгі орманның құпиясын» зерттеп білді. Осы әрбір құбылыстар олардың қаһарлы қыс мезгіліне дайындалуына көмектеседі. Жапырақты ағаштар мен бұталар үшін қыс мезгіліндегі ең басты күрделі мәселесінің бірі ылғалдың жетіспеушілігінде, сол себептен де пайдалы заттардың барлығы ағаштардың тамыры мен ағаштың өзегінде жинала бастайды, ал жапырақтары болса түсе бастайды. Жапырақтардың түсуі ылғалдың қорын арттырып қана қоймай сонымен қатар оның үнемделіп сақталуына көмектеседі. Қылқан жапырақты ағаштар өздерінің инелерімен мақтануларына болады, себебеі олар жылдың ең суық мезгілінде судың булануын баяулатады.
Орнитологтар қыстап қалатын құстарға бақылау жасап, кішкентай шымшықтың шемішкені ешқашан біртұтас жемейтінін көріп, қызықты
ерекшеліктерін байқады. Олар оны табанымен бұтаққа қысып алып, сыртқы қабатын ашып алып, ішіндегі жұмсақ дәнін таңдап жейді. Шымшықтың күш қуатын арттырмай ұшқанының өзі бір ерекше көрініс. Олар ұшқанда қанаттарын сирек қағып, бірақ тез ұшады. Ұшқандарын зерттеген кезде, сарғыш кеуделері төмен қарай терең сүңгіп, лезде аспанға қарай бас айналдырар әдістерімен жоғарғы ұшқанын байқауға болады. Торғайлар жемшашарларға ұшып келетін қанатты құстардың бірі ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге танымал құстардың бірі болып табылады. Бұл кішігірім құс елді мекенді жеролерді қоныстанады. Адамдар қоныстанған жерлерде қанатты тұрғынымыз жеңіл азық табады. Торғайлар жоғарғы тұқымдылығының арқасында үлкен үйір ұйымдастырады, және де олар адамдардан қорықпайды, себебі адамдардың оларға түрлі азық беретінін біледі.
Жас натуралистер қоңыр аюларға, жанат тәрізді итке ждәне борсыққа бақылау жүргізіп , өздерінің білімін толықтырды. Борсықтың жауапты жануар екенін зерттеп білді. Ол қысқа қазан айынан бастап дайындалады. Ең бірінші мезетте ол өзінің үйін дайындай бастайды, жүретін жолдарын тесіп, інін жылыта бастайды. Егерде қысқы ұйқыға орын дайын болмаса ,түк етпейді. Борсық өзінің қыстауы үшін бір күннің ішінде өзіне үңгір қазып алуға мүмкіндігі бар. Өзінің үңгірі қазылып дайын болғаннан
кейін, борсық бір үйме жапырақтарды, кепкен шөптерді және ұсақ бұтақтарды өз үңгіріне жинап алып, өзіне жұмсақ, ыңғайлы орын дайындап алып, қысқы ұйқыға жатады. Кей кездері борсықпен бірге үңгірде жанат тәрізді итте бірге қыстап шығады. Оларға қыстың қаһарлы аязында үңгірде бірге жатып, жылынуларына ыңғайлы болады. Бірақ борсықтар қысты күні кірпі шешендер сияқты қатты ұйқыға кетпейді, ал кірпі шешендер қазан айынан бастап ұйқыға кетеді. Күн біраз жылынғаннан кейін борсық күннің көзіне жылыну үшін үңгірінен шығады.
Жас натуралистер күзгі құбылысты зерттеп қана қоймай , сонымен қатар «Аю күні», «Күздің алтын бояулары» , «Сарышымшық күні» және т.б. мерекелерге белесене қатысып отырды.
Балалар өздерін жақсы сезімде сезініп, өздерінің туған өлкесі туралы көптеген қызықты ақпараттар біліп, білімдерін толықтырды.
Балалар биологиялық орталығының
Көптік – әдістемелік жұмысының әдіскері
Жунусова Лячззат Кайратовна
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты


