«Баламызға үлгі болайық!» атты ата-аналармен өткен шығармашылық кездесу
Қараша айының 16 жұлдызында Облыстық балалар биологиялық орталығының аясында ата-аналар арасында «Баламызға үлгі болайық» атты шығармашылық кездесу өтті. Аталған кездесудің мақсаты қосымша білім беру педагогтары мен ата-ананың, оқушының арасындағы ортақ жұмысты ұйымдастыру және оқушылардың 2018-2019 оқу жылының бірінші жарты жылдықтағы үйірме жұмысының нәтижелерін көрсету.
Кездесу барысында ата-аналар қызықты шығармашылық әлемге енді. Балалармен бірге кеппегүлдерден бұйымдар жасады, экзотикалық өсімдіктердің тұқымдарын отырғызды, жануарлар мен өсімдітерді қорғауға арналған кластер салды, көкеністер мен гүлдердің тұқымдарынан топтама жасады, таңғажайып табиғи материалдар (жапырақ, тұқым, шырша бүршіктері) туралы лепсі-сөздерін ортаға салды.
Орталықтың жас натуралистері жер шарының түпкір-түпкірінде тіршілік ететін жануарлар мен құстардың өкілдерінің ерекшеліктері туралы, оларға күтім мен жағдай жасау, тамқтану рационының дұрыс құрастыру, сонымен қатар өсімдіктерді күту мен көбейту және оларда жүретін өзгерістерге фенологиялық бақылау жұмыстарын жүргізу туралы ақпараттармен бөлісті.
Шығармашылық ой талқылау барысында ата-аналар тарапынан үйірме жұмыстарының практикалық бөлімі оқушылардың жеке дамуына зор үлес қосатындығы мен жаратылыстану пәндерін меңгеру барысында білімдерін тереңдетіп, қоғамға бейімделу және экологиялық тәрбие алулары бойынша оң пікірлерімен бөлісті.
Сондай-ақ ата-аналар оқушылардың үйірмеде білім алу кезінде басқа да мектептердің оқушыларымен араласу арқылы өздерінің ой өрісін, достық шеңберін кеңейтіп, адал дос тауып белсенді өмірлік ұстанымын дамытып, қоғамда өзін-өзі көрсетуге зор мүмкіндік алатындықтарын атап өтті.
Облыстық балалар биологиялық орталығының директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары: Волкова В.
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты






