Таңғажайып жануарлар
Жануарлар дүниесі тірі ағзалар ішінен жер бетінде ең саны жағынан көп болып саналады. Осы таңғажайып және қайталанбас табиғат қазыналары жердің биоәртүрлілігін құрайды. Жануарлар дүниесінде сүтқоректілер немесе аңдардың маңызы зор болып табылады. Саны 1,5млн. жуық.
Жануарлар дүниесінің генофондын сақтау және зерттеу үшін арнайы табиғи қорықты орындардың маңызы зор. Көптеген жануарлардың тіршілігін табиғатта бақылау өте қиынға соғады, ал зообақтарда, қорықтарда және де басқа да зоологиялық коллекциясы бар мекемелерде бақылу қолайлы болып табылады.
Осындай мекемелердің біріне зоологиялық коллекциясында 90-нан аса түрі бар, Қазақстан фаунасынан басқа Африка, Австралия, Америка, Азия контитенттерінен жануарлар түрлерін қамтитын Облыстық балалар биологиялық орталығы жатады.
Мен біздің орталықтағы Қазақстан Қызыл кітабына енген ғажап жануар Үнді жайрасы туралы сіздермен бөліспекпін. Ричи мен Лили атты үнді жайраларын сити- март «Наурыз» директоры 2017жылы біздің орталыққа сыйлыққа берген. Жайраның сыртқы түр- тұрпатын ешбір жануармен шатастыру мүмкін емес. Өйткені оның денесінің жон арқа мен екі бүйірін түрі өзгерген әрі мүйізденген өте жеңіл, ірі іші қуысты сояулы инелер қаптап жатады. Инелері жұмсақ, үшкірленген және терілерінде әлсіз орналасқан. Құрсақ қуысының түктері ірі қылшықты болып келеді. Оның денесіндегі жалпы ұсақ түктері қара, қара қоңырқай түсті. Жайраның аяқтары қысқа болғанымен өте жақсы жетілген, саусақтарындағы тырнақтары үлкен әрі өткір болып ін қазуға бейімделген. Ол өте сақ аң, түнгі қараңғылықта белсенді тіршілік етіп, қорек іздеуге шығады. Сондықтан орталықта күндізгі уақытта қозғалмай, бір орында жата береді. Қыста ұйқыға кетпейді, тек қыс кезінде тіршілік белсенділігі баяулайды. Олардың орталықтағы тамақтану рационы арпа, сұлы, кептірілген нан, жасыл шөп, көкөністер мен жемістер.
Биылғы жылы 2018ж 9 қазанда орталық тағы бір төлмен толықты. Аталығының түсі қара, анасы ақ болды. Баласы ақ түсті болып туды. Баласының көзі ашық, денесінде инелерімен туады екен. Кішкентай жайра анасының қасынан қалмай, анасының сүтімен қоректенді. 14 күн шамасында инелері қатайып, денесінің ұзындығы өсе бастады. Қазіргі уақытта ол өздігінен тамақтанып үйренді. Денесінің ұзындығы 30см. Ата- анасының қасынан мүлде ажырамайды. Ата- анасынан қалып қойса, мінезін көрсетіп ашуланып, жерді тепкілей бастайды. Еріксіз жағдайдағы үнді жайрасының баласының дамуын бақылауды әрі қарай жалғастырамыз.
Облыстық балалар биологиялық орталығының
«Зоология» үйірмесінің
жетекшісі Тойшыбаева Куралай Серикказыевна
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты




