Аранжировка өнері-гүлдердің екінші өмірі

Табиғаттың тылсым көркемділігі ерте заманнан бері әр түрлі өнер бағытындағы шығармашылық шабытты оятуға  түрткі болып келеді. Гүлдер аранжировкасы сияқты өнер жаныры табиғатқа жақын болып келеді.

Өйткені аталған өнер түрі табиғаттың тікелей бейнесі мен көркемділігі мен қарапайымдылығын ашады. Аранжировка өнерінде өсімдіктер әлемімен, табиғат заңдылықтарын біліп қана қоймай, сонымен қатар табиғатты аялауға, оған деген сүйіспеншілік сезімін оятуға, көркемдік қабілеттіліктерін дамыту арқылы композиция жасау барысында табиғат тіршілігінің қарқындылығын сипаттауға, оның алуан қыры мен сұлулығын көрсетуге үйретеді.

Бүгінгі күні жаңа заман технологиялары табиғатттың сұлулығын қараңғы шымылдық астында ұстайды, техника мен агрессия балалық шақтан айырады, балалар айналаға назар аудару мүмкіндігін жоғалтып, тірі әлеммен байланысы жоғалады. Аранжировка өнерімен айналысатын адамда «сұлу жүрек» қалыптасады, себебі гүлдер өзінің нәзіктілігімен, жұпар иісімен адамның психологиясына жағымды әсер етеді: мейірімді, төзімді болуға бейімдейді.

Облыстық балдалар биолоиялық орталығында әр түрлі  бағыттағы 57 үйірме жұмыс жасайды, солардың ішіндегі ең қызықтыларының бірі «Гүлдер аранжировкасы және флористика» үйірмесі. Оқушылар табиғи материалдармен жұмыс жасай отырып әр бір өсімдік түрінің және тірі-өлі табиғаттың  көркемділігін көруге үйренеді.

Аранжировка өнерінің басты бағыттарының бірі тірі және кепен гүлдерден, декоративті бұйымдар қосылған композициялар мен әдемі бумалар жасау. Тірі гүлдерден жасалған бумалар бөлмені, салтанатты жиындардың көркін келтіреді, оларды сыйлық ретінде беруге болады. Күнделікті өмірде бізге көңіл күй мен әсемдік сыйлайды.

Композицияны жасау барысында оқушылар өсімдіктердің бейнесіне, иілімдеріне назар аударады. Көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. Жұмысты бастар кезде композицияның орны ерекше, ал қалған салалары соған байланыстылығын ұмытпаған жөн. Сондықтан да оқушы, нақ нұсқаны қойып, өз орнын белгілігін соң, салынар композицияны құмыраға немесе басқа да жазықтыққа қалайша әсерлі орналастыруды ойластырады.

№ 43 ЖОБМ 9-сынып оқушылары Мироненко Анастасия мен Бергенева Карина үйірме сабақтары барысында өздерінің шабыттарына байланысты, тірі және кепкен гүлдерден әр түрлі көркем композицияларды жасайды. Осындай оқушылар болашақта аранжировка өнерінің майталмандары болып, әдемілік пен нәзіктікке құмар болады.

Аталған өнер арқылы оқушылардың эстетикалық, көркем-шығармашылық біліктіліктері дамиды. Олардың ойлау және әр түрлі табиғи объектерге деген көзқарастары басқа балаларға қарағанда ерекше болады. Өз бетінше шығармашылық шешімдерді қабылдап, ой-өрістерін дамытады.

Табиғат өз тіршілігін адамсыз да жалғастыра алады, ал адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Соның ішіндегі гүлдер-табиғаттың қайталанбас бөлігі, сұлулығы. Адам болса, үнемі сұлулыққа құмар болады, сондықтан да табиғатты аялау біздің міндетіміз.

 

 

Семей қ. Облыстық балалар биологиялық орталығының

Нұсқаулық –әдістемелік бөлім меңгерушісі

Зайкина Ирина Игоревна

 

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.