Қыстайтын құстар тоқ болса, аязда тонбайды!
Құстар үшін ең ауыр мезгіл – қыс мезгілі. Олар аяз бен бораннан қорықпайды, тек азық қорының аздығы олар үшін қауіп. Кішкентай құстарымыз тонып қалмауы үшін көп энергия жұмсайды, оның орынын толтыру үшін оларға жиі тамақтану қажет. Қыста күн қысқарып, түн ұзарғандықтан, құстарға азығын табуға уақыт жеткіліксіз болып жатады. Сондықтан, азықтанып жылы жерге тығылу мақсатында адамдарға жақын болуға тырысыда.
Облыстық балалар биологиялық орталығы жас натуралистер мен қала және қала маңы мектептерінің оқушылары бірігіп 2018 жылдың қараша айынан бастап қыстайтын құстарды қоректендіру мақсатында 30 мектептен 6000 оқушы үлкен науқанды ұйымдастырды. Ал 2019 жылдың 8-11 қаңтарында оқушылар арасында «Қыстайтын құстарға көмек көрсетейік» атты аралық кездесу өтіп, жас орнитологтар өздерінің қыстайтын құстарға жүргізген бақылауларын ортаға салып таныстырды.
№26 ЖОББМ оқушылары қыстайтын құстардың тіршілігі мен ерекшеліктері туралы мазмұнды көрініс көрсетті. Жылы жаққа ұшып кете алмаған барылаудық үйректің жанұясына көмек көрсеткендері туралы баяндап, олар туралы қызықты бейне роликтерін оқушыларға тамашалатты.
№38 ЖОББМ оқушылары жемшашарларын бақылау барысында суық торғайларды көрді. Олардың асқабақ пен қауын дәндерін сүйсіне жегендерін бақылады. Тамақтану барысында жемшашардың басқа қонақтарына қарағанда, олар адамдардан үркіп өздерін сақтау мақсатында екі топқа бөлініп бір-бірін алмастыратын «әдіс» қолданғандарын сипаттап айтты.
№19 ЖОББМ жас орнитологтары қыстайтын құстар туралы ақпараттар мен өздерінің авторлық тақпақтары жазылған кішкентай кітапшаларды дайындап келді.
Ал №39 ЖОББМ оқушылары торғайларға жұргізген бақылаулары кезінде көрген қызықты бақылауларымен бөлісті. Торғайлар қыс мезгілінде көп дыбыс шығармайтын құстардың бірі, тек жемшашардағы азыққа таласу барысында ғана шырылдап бір-бірімен қызу таласта болады. Таң атысында және кеш батысында қоректенеді, қалған уақытта ағаш арасындағы ыққа кіріп, күн көзінде жылынады. Ағаштың бұталары арасында кейде оларды байқамай да қаласың, себебі олардың түстері ағаштың түсіндей қоңырқай болып келеді. Егер күн батпай тұрып бірнеше торғайлар ағаш бұтақтарының арасына кіріп бар дауысымен шыр-пыр болып жатса, халық наным-сенімдері бойынша, аяз келе жатыр дегенді білдіреді.
№ 49 ЖОББМ жас орнитологтары жемшашарларының күнделікті қонақтары сұр қарға екенін аңғарды. Балалар қарғаның басқа құстарға қарағанда ақылымен ерекшеленетінін баяндады. Қарғаларды бақылаған өте қызықты, адамдардан қорықпайды, тіпті адамның өзін бақылаудан бас тартпайды. Жемшардан шемішке дәндері мен тоң майды сүйсіне жейді.
Қала және қала маңайындағы мектептердің оқушылары қыстайтын құстарға өздерінің бақылауларын сәуір айына дейін жалғастырады. Көптеген оқушылар аулаларына да құстарға араналған жемшашарларды ата-аналарымен орналастырып, жанұясымен бақылау жүргізуде, өйткені олар «қыстайтын құстар тоқ болса, аязға төтеп беретінін» біледі!
Көптік-ұйымдастыру жұмыстарының әдіскері:
Жунусова Л.К.
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты


