Қар күні- биологиялық орталықтың жас натуралистер үйірмесі жасөспірімдерінің жақсы көретін мейрамдарының бірі!

Қыс мезгілі баршамызға есте қалатындай қуанышқа толы мерекелерді сыйлайтын уақыт: шыршалы Жаңа Жыл, Рождество күні, Крещение аяздары, ал көпшілігі жеті жыл бұрын қаңтар айының үшінші жексенбісінде өтетін Дүниежүзілік Қар күні туралы беймәлім. Биылғы жылы Қар күні қаңтар айының 20-нда аталып өтпекші.

Бүкіл дүниежүзілік Қар күнін атап өту тарихы бізге Халықаралық шаңғы спорт федерасиясының ұсынысымен келген, әлемде алғаш рет 2012 жылғы қаңтар айының соңғы жексенбісінің алдында мерекеленді. Бұл шараны өткізу күні кездейсоқ белгіленбеген. Себебі қаңтардың ортасында жаңажылдық және рождестволық демалыс күндері аяқталуға жақын болғандықтан тау шаңғысы курорттарына туристердің келулері саябырлайды. Сондықтан қатысушылар мен көрермендерді қызықтыру үшін Қар күні ойлап табылған.

Дүниежүзілік Қар күнінің негізгі мақсаты- көпшілікті тарту, әсіресе балалар мен жастарды қысқы демалыста қар үстіндегі жарыстарға, салауатты өмір салтын ұстауға және сондай- ақ қардың экологиялық тазалығын сақтау. Алғашқы ресми аталып өтілген Қар күнінде 20-дан астам ел қатысса, биылғы жылы халықаралық жобаға қатысуға әлемнің 40-тан астам елдері қолдау көрсетіп отыр.

Қыс түскеннен бастап биология орталығының жас натуралистері Қар күнің әр күн атап өтуде, олар шаңғы, конькимен сырғанауды ұнатады, бұл әрекеттері жеткіншек балалардың денсаулығын шынықтыруға берер пайдасы зор. Спорттық ойындар мен жаттығулар ұжым арасында бір- біріне деген түсіністікті, достық ара қатынасты, жақсы қасиеттерді нығайтуды дамытады. Жасөспірімдерді қолдау барысында биология орталығы жас натуралистерге тегін спорттық алаңдар ұйымдастырған. Ал қонақтар болса орталық қызметкерлері мен балалардың қатысуымен көркемдік қияли шығармашылығымен өз қолдарымен қардан әр түрлі жасаған тамаша мүсіндерді қызықтай алады.

Балаларға қыс кезіндегі табиғи құбылысты бақылау, қар мен суды қолданып жасайтын тәжірибе мен эксперименттер ұнайды. Сонымен қатар балалардың бақылағыш қасиеттері мен қиялдарын арттырады. Қыс уақытында орталық аумағында құстарды қоректендіру біздің балаларымызды мейірімділік пен қайырымдылыққа тәрбиелейді.

Халықаралық Қар күні- биология орталығы жас натуралистерінің ең сүйікті мейрамы,  барлығыңызды осындай тамаша мерекемен құттықтаймыз!

 

 

Көптік-ұйымдастыру жұмыстарының әдіскері:

Жунусова Л.К

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.