Биология ғылымдары бойынша тақырыптық олимпиада
Құрметті әріптестер, ата – аналар мен оқушылар!
2019 жылдың 29-31 қаңтары аралығында ҚМҚК «Облыстық балалар биологиялық орталығында» биология ғылымы бойынша 5 – 8 сынып оқушылары арасында «Қызықты биология» айдарында профильдік тақырыпта олимпиада өткізіледі.
Олимпиадаға қатысуға өтініштер қала мен ауыл мектептерінен, әр сыныптан бір қатысушыдан қабылданады. Барлығы 8 қатысушы (4 орыс тілінде оқитын және 4 қазақ тілінде оқитын).
Олимпиада келесі кесте бойынша өткізіледі:
29 қаңтар 2019 жылы– ҚММ Чернышевский атындағы №1 орта мектебі, №2, №3,№4 орта мектептер, Шәкәрім атындағы гимназия, №6 гимназия, № 7, №8, №9, №10, №11, №12, №13, №15 лицейлер қатысушылары.
30 қаңтар 2019 жылы- ҚММ №16, №17, №18, №19, №20,№21, №22, №23, №25, №27, №28, №29, №30, №31 орта мектептерінің қатысушылары.
31 қаңтар 2019 жылы– ҚММ №32, №33, №34, №35, №36 орта мектептерінің, №37 мектеп- гимназиясының, №38, №39, №40, №41, №42 мектеп- интернаты, №43, №44, №47 және қала маңындағы мектептерінің қатысушылары.
Өтініштер 2019 жылдың 26 қаңтарың қоса есептегенде biodetcenter@mail.ru электронды поштасында қабылданады.
Олимпиада сұрақтары 3 кезеңнен тұрады:
1- кезең: теориялық – тестілеу – 20 сұрақ, 30 мин.
2- кезең: теориялық – жазбаша: ботаника, зоология және жалпы биология салалары бойынша білімнің деңгейіне бағытталған 5 сұрақтар мен тапсырмалар – 10 мин.
3- кезең: логикалық – жалпы даму мен бейімділік бойынша 5 тапсырма– 10 мин.
Ескерту:
1- ауысымда (таңертең) оқитын оқушыларға олимпиада түстен кейінгі уақытта өткізіледі. Балалар орталыққа жеткізілу үшін 29,30,31 қаңтарда сағат 13.30-да Абай алаңында жиналады. Ал 2- ауысымда оқитын оқушыларға олимпиада түске дейінгі уақытта өткізіледі. Балалар орталыққа жеткізілу үшін 29 және 31 қаңтарда сағат 10.00-де, ал 30 қаңтарда сағат 10-30-да Абай алаңында жиналады.
Балалар биологиялық орталығының ұйымдастырушылық көпшілік жұмыстарының әдіскері:
Ляззат Кайратқызы Жунусова 87785526880, 8(7222)568453
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты


