2019 жыл құсы – шалғын даланың нышаны
«Орнитология» үйірмесінде біз көптеген құстар туралы қызықты жаңалықтарды білеміз.
Басты жаңалық- 2018 жылдың желтоқсан айында Қазақстан бойынша жыл құсы деп дуадақты таңдады. Бұл құс туралы мен түк білмегендіктен ол туралы білгім келді. Орталықтың жас натуралистері педагопен бірге қысқы каникул кезінде осы құсты іздестіріп дуадақ туралы мәліметтер жинай бастадық.
«Құстар» энциклопедиясын, зоология оқулықтарын және интернет желісінен мағлұматтар жинап сіздерге дуадақ құсы турлы баяндамақпыз.
Жыл нышаны құсының түрлері көп, бірақ 20 ғасырдың ортасынан бастап жаппай тың жерлерді жыртқандықтан және қарақшылардың кесірінен бұл құстар күрт азая бастады. Қазіргі таңда дуадақтың әлемедегі саны мөлшермен 50 000 және күннен күнге азаюда. Қазақстанда 100 жұп дуадақ ұялайды, қыстақта 1-2 мың құс кезігеді, соның ішінде Монғолия мен Ресей. Дуадақ барлық елдерде қорғалуда және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Дуадақты жойғаны үшін 700 ең төменгі айлық көрсеткіштегі айыппұл белгіленген (бір миллион 700 мың теңге көлемінде).
Дуадақ- көлемі жағынан ірі күркетауыққа ұқсас құс. Түсі- теңбіл шабдар ала, сарғылт- қызыл. Аталықтары аналықтарға қарағанда ірілеу, тамағы тұсында жіп тәріздес қауырсындары (мұрты) бар. Күзгі мезгілде түлегенде «мұрттары» жоғалады.
Дуадақтар жыл құстары болып саналады. Ұяларын тастап кетуі бейімделген жерлеріне байланысты. Жер ауыстыруы күннің суығанына ғана емес, түскен қардың қалыңдығына да байланысты. Негізгі жер ауыстыру себебі- жемнің жетіспеуі, сондықтан олар қар аз жауған жаққа қарай қоныс аударады. Солтүстік жаққа олар көбею үшін сәуір айында ұшып келеді. Содан кейін олардың арасында кұсойнақ болады, бұл үшін олар биіктеу жерлерді таңдайды. Дуадақтар жұп құрмайды. Шағылысу кезеңі мамыр айының аяғы мен маусым айының басына дейін созылады. Аталықтар көбінесе құс ойнақты таңертең ерте бастайды. Өздерінің аумағында қанаттарын жайып желпуіш құйрығын басына көтереді, тмағындағы қабы үлкейеді. Басын иығына тығады. Осы сәтте дуадақ аяғында тұрған доп- домалақ пішінге ұқсайды.
Аталықтың жарқын көрінісі аналықтарды өзіне тартады. Аналық дуадақ жұмыртқаларды жерде құрастырған ұяға салады. Ұяның ішінде төсеністер болмайды. Әр ұяда 1-2 жасыл- сарғыш түсті жылтыраған қабыршақты жұмыртқадан болады. Жұмыртқа басу 28 күнге созылады. Аталық тұқымын қорғауды ойламайды. Балапандар ұясынан ерте ұшады, бірақ күш жинағанша анасының жанында болады. Дуадақтар шапшаң ұшады, жылдамдықты сағатына 50 км-ге дейін өсіре алады. Олар ұшқанда қанат қаққандары жақсы естіледі, қанаттарын жайған кезде 210-206 см-ге дейін барады. Дуадақтар жас шөптермен, жәндіктердің қалдығымен қоректенеді, кей кезде тышқандарды, кесірткелерді кішкентай құстарды жейді.Табиғатта дуадақтар аңшылар мен адамдардың олжасына түспесе 20 жылға дейін өмір сүреді. Қазіргі кезде құстардың сақталуын табиғатты қорғаушылар мен орнитологтар бақылайды.
Біз, үйірменің жас натуралистері де соларға қосылып, қысқы каникул кезінде педагогтермен бірігіп «Дуадақ 2019 жыл құсы» деген екі тілде қабырға газетін шығардық, дуадақ туралы орталықтың қонақтары мен жас натуралистері толығырақ танысты. Мен ойлаймын, егерде әр жас натуралист және қаланың әр тұрғыны табиғаттағы құстардың немесе дуадақ сияқты бір құстың бізді қоршайтын табиғаттың ажырамас бөлігі сияқты есептесе өзінің жануар дүниесін қорғауға қосқан үлесі болып саналар еді.
Орнитология үйірмесі:
Тусупаева Жибек
Жетекшісі: Султабаева С.З.
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты






