Экологиялық отбасы- анам, әкем және мен!

Биологиялық орталықта осы жылдың 27- қаңтарында «Экологиялық отбасы- анам, әкем және мен» атауымен өткізілген жас натуралистер және ата-аналардың шығармашылық іс-шарасы 100-ден артық ата-аналар  мен 50 тәрбиеленушілердің бастарын қосты.

Жер планетасы – барлығымызға ортақ үй, ол сенікі де, менікі де, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қоршаған тіршілікке қамқорлық көрсету туралы әрқайсымыз есте сақтауымыз керек. Біз табиғат аясында өмір сүреміз, табиғат күнделікті бізбен тіл қатысады. Кейбір кезде табиғатқа қандай зиян келеді деп ойланбастан оларға кедергі әрекеттер жасаймыз. Сондықтан біз бала кезімізден табиғатты аялап-қорғау, оларға антропогенді жүктемелердің күшейгені туралы ұран салып, табиғаттың заңдылықтарын бағалап, сүйіспеншілік көрсетіп мақтан тұтуымыз керек, ең бастысы табиғат тіршілік екенін естен шығармауымыз керек.

Балалар ата-аналарымен бірігіп командалар құрастырып келесідей экологиялық стансаларға жолаушылады: «Табиғатты қорғау», «Табиғи су», «Із кесушілер», «Тазалық», «Білімпаздар мен ең зеректілер», «Құстар- біздің досымыз», «Сүйкімді жануарлар».

«Табиғатты қорғау» алаңының қатысушылары ақпараттық белгілер арқылы табиғат аясында өздерін қалай ұстау тәртібінің негізгі ережелерін талқылады. Сондай-ақ өздері ойластырған ереже белгілердің суретін салып көрсетті, ал жүргізуші болса пластика бутылкалары, шыны, қағаздардың ыдырау мерзімдерімен таныстырды және олар ыдыраған кезде табиғатқа қандай зиян мен қауіп төндіретіні туралы түсіндірді.

«Табиғи су» алаңында қатысушыларға келесідей «Күнделікті тұрмыста суды қандай мөлшерде және қалай пайдаланатынымыз; Суды қалай тиімсіз қолданамыз; Қандай мөлшерде суды жоғалтамыз» және осы табиғи құндылықты қалай сақтауымыз керек деген сұрақтар қойылды. Талқылау барысында отбасында күнделікті суды үнемсіз қолданатынымыз; су күнделікті тұрмысқа аса қажет және Су- табиғи байлық, суды үнемдеп, тазалығын сақтау керек екендігі туралы тұжырымдарға келді.

«Із кесушілер» алаңында қатысушылар табиғаттың тамаша сыйы- жасыл ағаштар мен өсімдіктер, олардың экологиялық, санитарлық және эстетикалық функциялары туралы білді. Команда қатысушылары қаламызды көркендіретін жасыл ағаштар мен бұтақтар, гүлдер мен қылқанды (хвоя) ағаштары көрсетілген плакаттар дайындады.

Ал көптеген өркениетті елдерімізде бүгінгі күнге дейін қоқыстарды бөлек жинау өзекті мәселе болып тұр. «Тазалық» алаңында қатысушылар карточкалар көмегімен тиісті төрт контейнерге: қағаз, тамақ қалдықтары, пластик, қауіпті қалдықтарды бөліп салды. Сөйтіп қоқыстарды бөліп жинау маңыздығын атап көрсетті.

«Құстар біздің досымыз» атты алаңда жүргізушілер құстардың маңыздылығын, олардың жер бетіне көрік пен әдемілік беретіні және айналамызда тіршілік жасайтың құстардың сан алуан түрін сақтап қорғауымызға қатысушылардың назарын аударды.

«Сүйкімді жануарлар» алаңында қатысушылар білімдерін орталықтағы әр түрлі тікелей  қолмен ұстап көретін жануарлармен толықтырды. Балалар мен ересектердің ең сүйікті жануарлары- үй қояндары, тасбақалар, теңіз шошқасы, атжалман.

Іс-шара қорытындысы бойынша ата-аналардың үйірмелер мен іс-шаралардың балаларға жоғары деңгейде экология тұрғыдан өсіп қалыптасуына, әлеуметтік, патриоттық және рухани жағынан берер тәжірибелік маңызы зор деген жағымды пікірлері айтылды.

 Облыстық балалар биология орталығының

                                                                      оқу- тәрбие жұмыстары жөніндегі

                                                        директордың орынбасары

                                                                  Волкова Виктория Геннадьевна

 

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.