Жануарларға қамқор болу үшін фаунаны білу керек!

Жануарлар адамдарды өзіне баурайды, тіпті жыртқыш аңдар да көрікті келбетімен, күштілігімен еліктіреді. Жануарлар туралы үлкен де кіші де көп білгісі келеді. Олардың қылықтары, өмір сүру әдеттері және күн көріс дағдылары бәріне қызық. Биологиялық орталықтың жас натуралистері осы жылдың 14-нен 25-қаңтарына дейін «Жануарларға қамқор болу үшін фаунаны білу керек» атты айдармен жануарларға онкүндік жүргізді.


Осы онкүдіктің мақсаты- үй және жабайы жануарларды, олардың қоршаған ортаға бейімделу ерекшелігін жүйелі түрде танып білу. Қызыл кітаптың маңызы туралы толығырақ танысу, Қазақстан территориясындағы жойылып бара жатқан жануарлардың түрін білу. Шығармашылық үшін үйірмешілерге алаң ұйымдастыру.
Жас натуралистер іс-шараға қызығушылықпен көңіл бөлді. Оған дәлел балалардың дайындаған ақпараттары: ең жылдам, ең күшті, ең қауіпті жануарлар туралы әңгімелері, сондай-ақ жануарларды қалай күту керек және жануарлар әлеміндегі басқа да қызықты және пайдалы кеңестермен өз ара пікір алмастырды. Егер сіздер құстардың қандай ұғымтал екендігін, үй қояндарын, тотықұс пен аквариум балықтарын қалай асырап күту, құрбақалар тиіп кетсе сүйел шыға ма немесе кірпілер инелеріне жемістерді қадай ма дегендей сұрақтарға жауап білгіңіз келсе, бұл сұрақтарға міндетті түрде тапқыр және білімқұмар натуралистер жауап бере алады.
Орталық ғимаратының кіре берісінде (фойе) балалар көз тартатын үйірме ұйымдастырды: онда сүйікті үй жануарлары мен орталықтағы жануарлардың фотосуреттері, Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың суреттері және өздерінің асыранды жануарларына бақытты ұзақ өмір, денсаулық, ұрпақты болулары, Қызыл кітапқа кірмеуі, егерде енгізілген жағдайда жасыл параққа ауысып, сандары қайта орнына келсін деген тілектері жазылған ашық хаттар бар. Орнитология үйірмесінің натуралисі Тусупбаева Жібек өзінің толқынды тотықұстары туралы танымды ақпарат дайындап, жақсы көретін құстарының торының макетін жасаған. Ал «Өсімідіктану» үйірмесінің натуралистері Сарсенбаев Сұлтан мен Рахимбаева Жания орталықтағы барлық аквариумдағы балықтардың түрін анықтап, олардың фотосуреттері мен ғылыми аттары жазылған танымды буклеттер жасаған. Солардың арқасында барлық жас натуралистер аквариумдағы балықтардың қиын атауларын тез жаттап алды. «Гүлдендіру» үйірмесінің апалы- сіңілі Нұрай мен Балауса Дүйсеновалар сәнді үй қояндарына жүргізген бақылау жұмыстары туралы әңгімелеп берді: адам баласында ең бірінші сүт тістері шығады, кейіннен олар түсіп орнына азу тістер шығады. Ал қояндарда басқаша. Табиғи ортада олар қатты өнімдерді ұнатқандықтан тістері тез қажалады. Сондықтан табиғат оларды ерекше қасиетпен даралаған: күрек тістері өмір бойы жаңадан шығып отырады. «Зоология» үйірмесінің натуралистері Ахметова Назерке мен Замангазиева Ажар тұяқты жануарлар бөлімі туралы танымжорық дайындап, олар жөнінде қызықты фактілермен бөлісті. «Жас натуралист» үйірмесінің оқушылары Бакиров Асылжан мен Тұрлыбекова Еркежан қар барсы туралы мағыналы бейнефильм әзірлеген. Қар барсы табиғатта жойылып бара жатқандықтан Қызыл кітапқа енгізілген, олар таң қаларлықтай ұзындығы алты метрге дейін, ал биіктігі үш метрге секіре алады. Олардың мекен ететін жерлеріне аяқ басу қиын болғандықтан аз зерттелген және зерттеу жұмыстарын жүргізуге қиындық туғызады. «Орнитология» үйірмесінің оқушысы Байтұяқова Камилла Қызыл кітапқа кірген аққұйрық субүркіті құсы туралы бейнефильм дайындаған, олар енінен кең жайылған қанаттарын самғап ұшу кезінде көтерілген ауалық ағымдар көмегімен күш- қуаттарын үнемдеуге арнайды.

Балалар жануарлар биологиясын қызығып оқиды және ой-өрістерін дамытады. Себебі көпшілігі келешекте өздерін мал дәрігерлерік қызметкерлері, дәрігерлер, биологтар және табиғатты қорғаушылар ретінде көреді және ең бірінші жануарларға қамқор болу үшін фаунаны оқу қажет екендігін біледі.

Облыстық балалар биология орталығының
ұйымдастырушылық-көпшілік жұмыстарының
әдіскері Жунусова Ляззат Кайратовна

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.