Біздің қаламыздың керемет жетістігі
“Sемеі” телеарнасында “Сәлем, Семей” бағдарламасы жүргізушісінің: Биологиялық орталықтың қандай маңызы бар?- деген сұраққа “Орнитология” үйірмесінің жас натуралисі Арбацкий Андрей: “Орталық қаламыздың керемет жетістігі” және “Ең жақсы орталық болып саналады, қаламызға ол өте қажет және керек” деп жауап берді.
Расында, 5- сынып оқушысы Андрейдің шын жүректен айтқан сөздері баланың табиғатқа деген көзқарасын, көп жылғы тарихы бар биологиялық орталықтың қаламыздағы әлеуметтік маңызы бар объектілердің біріне айналғанын дәлелдейді.
Орталықта оқушылармен ерекше экологиялық тұрғыда дамыту жұмыстары жүргізіледі, оқу үрдісі- арнайы әдістемелер, технология мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруды қамтиды.
Бүгінгі күнде үйірмеге қатысқан балалардың көпшілігі, кішкентай топтан бастап биология бағдарындағы мамандықтарды таңдайды немесе мақсатты түрде келешекте биология маманы, медицина қызметкері, дәрігерлер болу үшін үйірмеге жазылады.
Жас натуралистер үйірмелерде шешендік шеберлікке дағдыланып, өздеріне деген сенімділік пен тіл байлығын жетілдіреді, нәтижесінде кейінірек тікелей эфирге қатысып, теледидар журналистеріне репортаждар дайындайды. Осыған дәлел “Өсімдіктану” үйірмесінің тәрбинеушілері Амангельды Шержан, Тоқтасын Айжан, “Орнитология” үйірмесінің тәрбинеушілері Тусупова Жібек және Байтуякова Камилла. Олар өздерінің жақсы көретін жауарлары мен өсімдіктері туралы баяндады және табиғатты бақылағанда керемет қызық пен ғажапты көріп тақпақтар мен өлең шығаруға, тартымды эсселер жазуға, әдемі суреттер салып, фотосуреттер түсіруге болатынын айтты.
Балалар табиғатты жақсы көреді, тіршілік оларды қызықтырады, табиғатпен қарым-қатынас балаларға ерекше сезім мен көтеріңкі көңіл сыйлайды. Табиғаттағы тірі жануарлар мен өсімдіктерден алған әсерлерін қағазға түсіру арқылы мақалалар пайда болады. Осыған айқын мысал ретінде “Орнитология” үйірмесінің натуралисі Жуманова Алуаның жазған “Жұптары жазылмайтын құстар” мақаласын атауға болады. Бұл мақалада “…… жұппен өмір сүретін құстар жақсы ұшады, жерде де жақсы қозғалады, ағаштан ағашқа да қонақтайды. Олар өздерінің жұбын өмірінде бірақ рет таңдайды, табиғатта жұптарымен ғана өмір сүреді. Әрқашан бірге болады: бірге ұшады ұшады, қоректенеді және бірге дем алады. Олардың дауысы саңқылдақ және өте қамқор ата- ана. Осы құбылыстарға біз жаз бойы жұптары жазылмайтын құстарды бақылағандықтан көз жеткіздік. Жаз айлары құстардың көбеюне қолайлы болды, тамыз айының ортасында бірінші балапандар пайда болды. Аналығы ұяда жұмыртқа басып отырғанда, аталығы жұмыртқалар жарылып балапандар шыққанша ұяға қарама-қарсы отырып, аңдып отырған. Ал балапандар өсіп, қауырсын шыға бастағанда, аналығы ұядан ұшып шығып бірге тамақтана бастаған, сол кезде аталығы мен аналығы бірі-бірімен әңгімелескендей болды”- деп жазды Алуа.
Ал үнемі, бірнеше жыл қатарынан жүргізілетін фенология бақылаулары, орталықтағы жануарлардың өмірлері туралы бай ақпарат алуға көмектеседі. “Зоология” үйірмесінің тәрбиенушісі Дуйсенова Нурай теңіз шошқаларына бақылау жүргізді. Ол күнделікті, кішкентай шошқалардың ата-анасының мінез-құлқын, жаңа туған теңіз шошқалардың қосқан салмағы мен бой ұзындығын, өз ара қарым-қатынастарын кітаптағы және табиғаттағы мәліметтермен салыстырып күнделікке белгілеп отырған.
Кейбір жануарларды табиғатта зерттеу мен бақылау қиыңға соғады, ал еріксіз жағдайда оларды зерттеп, жаңалықтар ашуға мол мүмкіндіктер бар. Әр жанауардың өзіне тән мінезі мен ғұрыптары бар. Биылғы жылы жас зоологтардың басты назары үнді жайрасына ауды, себебі кішкентай жайра туды. Туғаннан бастап оған бақылау жүргізді. «Бірінші айда кішкентай жайра анасының сүтімен қоректенді, содан кейін ата-анасымен бірге көкеністірді кішкентай қолдарымен ұстап, сүйсіне кеміріп жеді. 14- күні кішкентай жайраның үстіндегі инешелер үлкен жайрадағыдай қатая бастады. Бүгінгі күнде денесінің ұзындығы 30 см. 6 айға дейін кішкене жайра атан-анасының бақылауында болады, ол анасынан бір елі қалмайды, қалып қойған жағдайда мазасызданып, қатты дыбыс шығарып өзінің қайда екені туралы белгі береді. Оның ата-анасы: Ричи және Лили, олар 2017 жылы біздің қаламыздағы жеке кәсіпкердің демеушілік көмегі арқылы Алматы қаласындағы зоология паркінен әкелінген. Жайраның сүйікті тағамдарына сәбіз, асқабақ жатады, жақында оларға жүгерінің дәндерін беріп едік, бірде-бір дән қалдырмай сүйсіне жеп қойды. Біз жайраларға, әсіресе кішкентай жайраны бақылауды жалғастырудамыз»- деп мәлімдейді жас зоологтар.
Тәжірибе жұмыстары биология мен экология бағытындағы білімді тереңдету, жетілдіру жолдарының басты құралы болып есептеледі және логикалық ойларды дамытуға, маңызды ғұрыптар жинауға ықпалын тигізеді. Тәжірибе жұмыстары жаз мезгілінде де қарқынды жүргізіледі. Оқу-тәжірибе үлестерінде көкеніс өсірінділерін жақсартуға бағытталған зерттеулер, олардың өсуі мен жетілуі, сондай-ақ алдыңдағы және ауыспалы егістерге де зерттеу тәжірибелері жүргізіледі. Осындай бақылау жұмысын жүгеріге жүргізген, ұрықты егіп, бүкіл вегетациялық өсу кезеңін бақылаған. Олар оның өсу барысында болған құбылыстарды- масақтың, шашақгүлдің пайда болуы, олардың гүлдеуін зерттей келе, жүгері бірнеше сатыдан тұратын өсу өсімдігі екенін, пісіп-жетілу мерзімінің ұзақтығы олардың сұрыпына, ауа-райына және минералдық тыңайтқыштарды қолдануға байланысты деген болжамға келді.
Зерттеу жұмыстарына қуана келіседі, себебі оларға табиғат тумасынан жақын. Күнделікті орталықтағы жануарларға жүйелі түрде жүргізетін бақылау жұмыстары біртіңдеп зерттеу жобасына айналады. “Аквариумистика и террариумистка” үйірмесінің тәрбиеленушісі Жерздева Екатерина сабақтың бірінші күнінен бастап кәдімгі тауыстармен айналыса бастады. Орталықтағы тауыстардың өмір кезеңін күнделікті бақылап жазып жүріп, зерттеу жобасын жасады. Осы еңбегімен ғылыми жоба желісінде облыстық Дарын конкурсына қатысып, 2-жүлделі орынды иеленді.
Жануарлармен тікелей байланыста болу, атап айтқанда тотықұстар, балаларда жағымды сезім, жақсы көңіл-күй, игілік сезімдерін қалыптыстырып, тіршілікке ұқыпты қарауға үйретеді. Осыған айқын үлгі- нимфа-корелла тотықұстарына жүргізген зерттеу жұмысы. Жас зоолог Тусупаева Жібек күнделікті орталықтағы тотықұстарды бақылап, күтіп-тамақтандыру нәтижесінде, оларды қолдан жем жеуге үйретті.
Әр түрлі деңгейдегі: қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарға қатысу үшін тәрбиеленушілерге орталықта алаңдар ұйымдастырады. “Гүлдендіру” үйірмесінің натуралисі Дуйсенова Аяулым фотосуреттермен әуестенгені соншалықты, жылдың әр мезгіліндегі тамаша табиғат көрінісі мен өсімдіктерді суретке түсіріп, шығармашылық жұмысының жинағын жасаған және Республикалық «Күзгі пейзаж» конкурсына қатысып, 1-орынға ие болған.
«Аранжировка және флористика» үйірмесінің натуралистері Бергенева Карина және Мироненко Анастасия өз қолдарымен тірі және кепкен гүлдерді құрастырып жасаған ғажайып композицияларымен оқу ғимаратындағы фойе мен мәжіліс залы безендірілген.
Үйірменің жас натуралистер әлі де тірі табиғаттың талай қызықты да жұмбаққа толы құбылыстарын көріп, бақылап зерттейді. Біз табиғат аясында өмір сүреміз. Сондықтан, бала кезімізден бастап табиғаттың заңдылығымен үйлесімді өмір сүріп, табиғатқа қамқорлық, сүйіспеншілік танытып, мақтан тұтуымыз керек, ең бастысы табиғат тіршілік екенін естен шығармайық.
«Орнитология» үйірмесінің тәрбиенушісі Арбацкий Андрей
Облыстық балалар биология орталығының оқу- тәрбие жұмыстары жөніндегі
директордың орынбасары Волкова Виктория Геннадьевна
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты


