Қысқы ертегі және балалар денсаулығы!
Қысқы мезгіл – оқушыларды мәдени денсаулыққа тәрбиелейтін қолайлы уақыт, басты байлық денсаулық болғандықтан, балаларды дене күтіміне көңіл бөлуге және салауатты өмір салтын ұстануға жетелейді. Балалардың көпшілігі қысқы уақытты ұнатады, себебі тек қыс мезгілінде ғана олар қар лақтырып ойнайды, мұзтөбешіктен сырғып, коньки және шаңғымен сырғанай алады.
Қыстық спорт ойындарының түрлері оларды қызықтырады, аязды ауаның құрамында оттегі көп мөлшерде болғандықтан, таза ауада тыныс алу денсаулыққа пайдасын тигізеді.
Биологиялық орталықта балалардың денсаулықтарын шынықтырып, көңіл-күйін көтеруге арналған тегін түрдегі қысқы сауықтыру кешені ұйымдастырылған.
Полковничий аралында шаңғымен сырғанауға арнайы жолдар жасалынған, күнделікті тәрбиенушілер педагогтармен бірге шаңғымен сырғанаудың әдістерін үйренеді. Үйірмеге қатысушылардың көпшілігіне бұл жаттығулар- бірінші сынақ. Біртіңдеп олар шаңғымен сырғанаудың қыр-сырын меңгереді. Таза ауадағы қозғалыс жеткіншектердің денсаулығын нығайтып, иммунитеттерін көтереді. Жүректің бұлшық еттері қатаяды, қан айналымы мен қан құрамы жақсарады, әсіресе қаны аз балаларға берер пайдасы мол. Тыныс алу жүйесі мен өкпе желдетілуі дамып, ағзаны таза ауамен қамтамасыз етеді. Шаңғымен сырғанау кезінде дене бұлшық еттерінің 90 пайызы қимылдайды, ал ырғақты қозғалыс балалардың буын мен буын аралығын қатайтады.
Конькимен сырғанаудың екі басты бағыты бар: спорттық элемент және хореография. Орталыққа келгенде конькиге тұруды білмейтін жас натуралистер, аяқтарына нық тұрып сырғанауды үйреніп алған соң мұзайдында әртүрлі би қозағалыстарын көрсете алады.
Ал мұзтөбешіктен сырғып түсу балаларға қаншама қуаныш әкеледі десеңші және осы қозғалыстар табиғи өсу мен балалардың аяқ-қолдары дамуына ықпалын тигізеді. Сырғанау үстінде қақтығыс болмас үшін сырғып түсу кезіндегі ара қашықтықты, жылдамдықты есептеп өз ара дауласып та жатады. Әсіресе оларға пойыздың вагондары сияқты бір-біріне тіркесіп сырғанау ұнайды, осы түрін олар екеуден, үшеуден немесе төртеуден бірігіп сырғанап, басқаларды да тамашалауға еліктіріп жатады. Сөйтіп балалар әрі қимылдап, әрі бір-бірімен араласып, айғайлап, шулап, мәз-мейрам болып жатады.
Таза ауадағы қимыл-қозғалыс ойындары дені сау балаларды тәрбиелеуде зор маңызы бар. Егер олар далада бір сағаттай ойнаса, керемет көңіл-күй мен сергектік қуат алады.
Денсаулығы мықты бала барлық жұмыстарға белсене араласады және педагогтар мен өз құрбылары ортасында ашық, ақкөңіл болып, өмірге сеніммен қарайды. Біздің қазіргі заманға дені сау, психологиясы тұрақты азаматтар қажет. Қорыта келгенде әр іспен шұғылдану баларға көтеріңкі көңіл- күй және қуаныш сезімдерін беру керек, сол кезде ғана біз оң нәтижеге жетеміз.
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты





